Жаратылыстану ғылымдары бойынша өзіндік ұстанымдарды қалыптастырудың жолдары 1

PISA 2025 зерттеуінде жаратылыстану ғылымдары бойынша білім берудің негізгі тармағы ретінде өзіндік ұстаным ұғымын қосу белгілі бір қағидаға негізделді. Ол қағида бойынша жаратылыстану ғылымдары саласындағы білім мен құзыреттер жастардың болашағы үшін маңызды әрі құнды болғанымен, тез өзгермелі әлемде белсенді азамат болу үшін және саналы әрекет жасау үшін адамның өзіндік ұстанымы болуы қажет.
PISA 2025 зерттеуі жаратылыстану пәні бойынша білім алған адамның бойында табылуы керек жаратылыстану ғылымы бойынша өзіндік ұстаным ұғымының келесі тұстарын бағалайды:
Жаратылыстану ғылымдары әлеуетінің құрамдас бөлігі:

  1. Эпистемиялық нанымдар ‒ ғылым мен ғылыми зерттеудің жалпы құндылықтары