Педагогтің кәсіби құндылықтары. Педагогтің кері байланыс беруі және білім алушылармен жұмыс істеу тәсілдері

Педагогтің кәсіби құндылықтары – оқыту мен тәрбиелеудің негізі болып табылады. Жоғары кәсіби этикаға ие мұғалім ғана оқушыға бағыт-бағдар беріп, олардың тұлғалық дамуына оң әсер ете алады. Әсіресе, адамгершілік, әділдік, шыдамдылық пен кәсібилік – кез келген ұстаз бойынан табылуы тиіс басты қасиеттер деп білемін.