«Пәнаралық интеграция негізінде физика пәнін тәжірибеге бағыттап оқыту»

Бағдарлама мақсаты
Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін пәнаралық интеграция негізінде тәжірибеге бағыттап оқыту арқылы физика пәні мұғалімінің кәсіби дағдыларын жетілдіру.

2 лайка

Сабақта көп әдіс-тәсіл қолдану керек екен. Осы мақсатта жұмыстар жасағым келеді.

«Пәнаралық интеграция негізінде физика пәнін тәжірибеге бағыттап оқыту» атты курс маған үлкен әсер қалдырды. Лектор Эльмира Бексултановна сабақты өте түсінікті, жүйелі және қызықты түрде жүргізді. Курс барысында физиканы басқа пәндермен ұштастыра отырып, нақты өмірмен байланыстырып оқыту әдістерін меңгердік. Әсіресе, тәжірибелік жұмыстар мен жобалау тапсырмалары мұғалімдер үшін өте тиімді болды.

Курс маған сабақты оқушылар үшін қызықты әрі өмірмен байланысты етіп өткізуге шабыт берді. Пәнаралық байланыстар арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру жолдарын үйрендім. Эльмира Бексултановнаға кәсіби шеберлігі мен қолдауына үлкен алғысымды білдіремін!

2025 оқу жылының сәуір айында Эльмира Бексұлтанқызының тәлімгерлігімен “Пәнаралық интеграция негізінде физика пәнін тәжірибеге бағыттап оқыту” тақырыбында біліктілігімді арттырдым. Курс барысында жинақтаған білімімді, тәжірибемді оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда қолданамын.

Сабақта функционалдық сауаттылыққа тапсырмаларды Күнделікті жоспарға енгізіп.Әдіс тәсілдерді күнделікті қолданамын.

Пәнаралық интеграция негізінде физика пәнін тәжірибеге бағыттап оқыту тақырыбындағы курс мен үшін маңызды, өзекті тақырып болды. Бұл курс көптеген платформамен жұмыс істеуге, STEM технологиясын толық түсінуге, демосабақта бір-бірімізбен тәжірибе алмасуға көптеген маңызды ақпарат алуғамүмкіндікберді. Эльмира Бексұлтанқызына алғысымыз шексіз, шығармашылық табыс тілеймін!

Курс маган ұнады алар дүниеміз көп еді .Эльмира Бексултановнаға көп рахмет көп платформаларды үйрендім

Эльмира Бексұлтановна жүргізген курс ұнады, рахмет

2025 оқу жылының сәуір айында өткен Эльмира Бексұлтанқызы өткізген курс өз деңгейінен жоғары болды.Курстан алған білімімді сабағымның барысында қолданамын.Үйренген платформаларымды сабақ жоспарыма енгізіп,функционалды сауаттылық,Lesson Study зерттеу сабақтарын қалай жүргізу керектігін үйрендім.

Физика пәнін пәнаралық интеграция арқылы тәжірибеге бағыттап оқыту курсы шынымен де пайдалы әрі қызықты өтті. Эльмира Бексултановна сабақты өте түсінікті, қарапайым тілмен түсіндіреді. Әр дәріс тек теориямен шектелмей, нақты тәжірибелік тапсырмалармен толықтырылды. Ең ұнағаны — физиканы басқа пәндермен (мысалы, математика, информатика, биология) байланыстырып қарастыру тәсілі. Бұл оқушыларға күрделі ұғымдарды оңай түсінуге және өмірмен байланыстыруға мүмкіндік береді.

Курс барысында түрлі эксперименттерді қарастырдық, күнделікті өмірден алынған мысалдар арқылы физиканың маңызын түсіндік. Сонымен қатар сабақтар шығармашылық тұрғыдан да шабыт берді — жаңа әдістемелер мен оқыту тәсілдерін өз сабағыма қолдануға шабыт алдым.

Эльмира Бексултановнаға үлкен рахмет! Осындай курстар көп болса екен деймін.

“Пәнаралық интеграция негізінде физика пәнін тәжірибеге бағыттап оқыту” курсы мен үшін өте мазмұнды әрі пайдалы болды. Курстың барысында физика пәнін басқа пәндермен ұштастыра отырып, оқушылардың қызығушылығын арттыру жолдарын үйрендім. Әсіресе, тәжірибеге бағытталған тапсырмалар мен жобалық жұмыстар оқушылардың сыни ойлау, зерттеу дағдыларын дамытуға ықпал ететінін түсіндім.

Курста ұсынылған нақты әдістемелік құралдар мен тәжірибелік мысалдар сабағымда тиімді қолдануға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, пәнаралық байланыс арқылы оқытудың маңыздылығын тереңірек ұғынып, әр сабағымды оқушының өмірімен байланыстыра жоспарлауды үйрендім.

Ұйымдастырушыларға және курс тренері Эльмира Бексұлтанқызына алғысым шексіз! Осындай курстар ұстаздар үшін үлкен қолдау деп білемін.

Екі апталық курсты сәтті аяқтадық. Пәнаралық интеграция негізінде тәжірибеге бағыттап оқытудың маңызын бірге талқылап, тиімді әдіс-тәсілдермен бөлістік. Алған тәжірибелерімізді күнделікті сабағымызда тиімді қолдана отырып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыратын боламыз🌸

Эльмира Бексұлтановна тренеріміздің тәжірибелік тапсырмалар, STEM бағытындағы жобалар, виртуалды зертханалармен жұмыс әдістері мен үшін өте құнды болды. Сабақтар кезінде қолданбалы бағыттағы тапсырмаларды әзірлеу, физиканы биология, математика, информатикамен кіріктіріп оқыту тәсілдері нақты мысалдармен көрсетілді.
Кері байланыс тұрақты берілді, сұрақтарымызға жедел және толық жауап алдық. Бұл курс маған болашақ сабақтарымда пәнаралық байланыстар арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру жолдарын қолдануға жақсы негіз болды.

07.-18.04.2025 ж. пәнаралық интеграция негізінде физика пәнін тәжірибеге бағыттап оқыту тақырыбында курс өтті. Курс барысында әртүрлі платформа түрлерін, функционалдық сауаттылыққа тапсырма түрлерін, SMART мақсат, STEM білім беру модельдерді, SWOT жоспарлау мен талдау, Lesson Study сабақты зерттеу алгоритмді даму моделін білдік. Бізге жетекші болған Эльмира Бексултановнаға алғысымыз шексіз. Алда осындай курс болғаны дұрыс деп ойлаймын. Бәріне сәттілік!

07.-18.04.25ж Пәнаралық интеграция негізінде физика пәнін тәжірибеге бағыттап оқыту тақырыбында курс өтті. Курс барысында әртүрлі платформа түрлерін, функционалдық сауаттылық тапсырмаларын орындап үйреніп , SMART мақсат,STEM білім беру модельдерін SWOT жопарлау мен талдау, Lesson Study сабақты зерттеу алгоритмді даму моделін білдік. Бізге жетекшілік еткен Эльмира Бексултановнаға үлкен рахмет.Алдағы уақытта осындай курстар өтіліп тұрғаны дұрыс деп ойлаймын . Барлықтарыңызға Сәттілік .

Пәнаралық интеграция негізінде физика пәнін тәжірибеге бағыттап оқыту тақырыбында физика пәні мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курсында маған сабақты оқушылар үшін қызықты және функционалдық сауаттылық өмірмен байланыстырып өтуге болады.Курс әсіресе тәжірибиелік жұмыстар мен тапсырмалары мұғалімдер үшін өте тиімді болды.Эльмира Бексұлтановнаға шығармашылық табыс тілеймін!

"Пәнарылық интеграция негізінде физика пәнін тәжірибеге оқыту"тақырыбында физика пәні мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курсында маған үлкен әсер қалдырды.Эльмира Бексултанова сабақ өте түсінікті ,қызықты жүйелі түрде жүргізілді.Курс барысында физиканы басқа пәндермен ұштастыра отырып ,өмірмен байланыстырып оқыту әдістерін меңгердік.Сабақты оқушылар үшін қызықты әрі өмірмен байланысты етіп өткізуге шабыт берді.Эльмира Бексултановнвға үлкен алғыс білдіремін!

Эльмира Бексұлтанқызы – физика пәні мұғалімдерінің біліктілігін арттыру бағытында белсенді жұмыс істейтін тәжірибелі педагог. 2025 жылдың сәуір айында ол «Пәнаралық интеграция негізінде физика пәнін тәжірибеге бағыттап оқыту» тақырыбында курс өткізді.

Курс барысында физиканы басқа пәндермен ұштастыра отырып, нақты өмірмен байланыстырып оқыту әдістерін меңгердік. Тәжірибелік жұмыстар мен жобалау тапсырмалары мұғалімдер үшін өте тиімді болды. Курс көптеген платформамен жұмыс істеуге, STEM технологиясын толық түсінуге, демосабақта бір-бірімізбен тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді. Эльмира Бексұлтанқызына кәсіби шеберлігі мен қолдауына алғыс білдіреміз.

"Пәнарылық интеграция негізінде физика пәнін тәжірибеге оқыту"тақырыбында физика пәні мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курсы менің жұмысыма үлкен үлесін қалдырды деген сенімдемін.Эльмира Бексултанова курсты өте түсінікті қылып,қызықты жүйелі түрде жүргізді.Эльмира Бексултановнаға үлкен алғыс білдіремін! Шәкірттеріңіз көп болсын!