«Пәнаралық интеграция негізінде физика пәнін тәжірибеге бағыттап оқыту»

«Пәнаралық интеграция негізінде физика пәнін тәжірибеге бағыттап оқыту» атты курс маған ерекше әсер қалдырды. Лектор Эльмира Бексултановна сабақты нақты, құрылымды әрі қызықты тәсілмен өткізді. Теория мен практиканы ұштастыра отырып, пән мазмұнын терең түсінуге жол ашты. Әрбір тапсырма мен талқылау маған жаңа көзқарас пен тәжірибе берді. Курстан кейін сабақ беру стиліме жаңаша серпін алдым.

«Пәнаралық интеграция негізінде физика пәнін тәжірибеге оқыту» — бұл қазіргі білім беру үрдісінің маңызды бағыты. Мұндай оқыту тәсілі физиканы оқушыларға жалаң теория емес, нақты өмірмен, басқа пәндермен тығыз байланысты сала ретінде көрсетуге мүмкіндік берді
Бұл курс мұғалімдерге зерттеушілік дағдыларды дамытуға, күрделі құбылыстарды қарапайым және тәжірибелік жолмен түсіндіруге, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға жағдай жасайтынын көрсетті. Сонымен қатар, пәнаралық жобаларды, зертханалық жұмыстар мен STEM элементтерін енгізу арқылы оқыту үдерісін жандандырып сабақты қызықты өткізуге үйретті

«Пәнаралық интеграция негізінде физика пәнін тәжірибеге бағыттап оқыту» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы менің кәсіби дамуым үшін аса маңызды болды. Курс барысында физика пәнін оқытудың заманауи әдіс-тәсілдері мен пәнаралық байланысты тиімді қолдану жолдары жан-жақты қарастырылды. Әсіресе, теория мен практиканың ұштасуы, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған тапсырмаларды құрастыру әдістері мен үшін өте пайдалы болды.“Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығына және Эльмира Бексултановнаға мың алғыс!

Курс жоғарғы дәрежеде өтті.Жаңа әдістер мен оқыту тәсілдерін болашақта сабақтарымда қолданамын.
Элмира Бексултановнаға рахмет,шығармашылық табыс тілеймін!