Функционалдық сауаттылық

Функционалдық сауаттылық дегеніміз не?
Функционалдық сауаттылыққа мысалдар келтіру.
Cараланған оқыту дегеніміз не?

8 лайков

Функционалдық сауаттылық ұғымын меңгерту – білім алушылардың математиканы күнделікті өмірде қолдана білу қабілеттерін дамыту.

6 лайков

Сараланған оқыту – білім алушылардың жеке ерекшеліктерін, қабілеттерін, білім деңгейін, қызығушылықтарын ескере отырып, оқыту процесін ұйымдастыру әдісі. Бұл тәсіл әрбір оқушының өз мүмкіндіктеріне сай білім алуына мүмкіндік береді.

3 лайка

Сараланған оқыту бұл оқушылардың жеке ерекшеліктерін, қабілеттерін, білім деңгейін, қызығушылықтарын және қажеттіліктерін ескере отырып ұйымдастырылатын оқыту әдісі.

2 лайка

Мысал 1: Қаржылық сауаттылық
Айжан ай сайын 50 000 теңге жалақысының 20%-ын жинақтауды жоспарлады. Ол 6 айда қанша ақша жинайды?

:white_check_mark: Шешімі:

20% = 50 000 × 0,2 = 10 000 теңге (ай сайынғы жинақ).

6 айда: 10 000 × 6 = 60 000 теңге.
:heavy_check_mark: Айжан 6 айда 60 000 теңге жинайды.

:arrow_right: Қолданылуы: Бұл есеп оқушыға қаржылық жоспарлауды үйретеді.

3 лайка

Функционалдық сауаттылық дегеніміз — адамның өмірде кездесетін түрлі жағдайларда ақпаратты дұрыс түсініп, оны тиімді түрде қолдана алу қабілеті.
Мысалдар:
1. Математикалық сауаттылық — саудада ақша есептеу, сағат уақытын анықтау, қаражатты басқару.
2. Мәтіндік сауаттылық — газет немесе кітап оқу, тапсырмалар орындау, жаңалықтар мен ақпараттарды дұрыс түсіну.
3. Цифрлық сауаттылық — компьютерде жұмыс істей алу, интернетті тиімді пайдалану, онлайн қызметтер мен платформалармен жұмыс істеу.
4. Әлеуметтік сауаттылық — түрлі мәдениетаралық қатынастарды түсіну, қоғамда тиімді қарым-қатынас орнату.

Сараланған оқыту дегеніміз — Бұл әдіс білім алушылардың толық әлеуметін ашуға, олардың тиімді білім алуына мүмкіндік береді.

2 лайка

1.Функционалдық сауаттылық дегеніміз* – адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы
2.
3. Саралап оқыту оқушылардың білімін жан-жақты дамытуды, оларды қызықтыратын ғылым мен техника саласынан білімін жетілдіруді, сондай-ақ мамандыққа бейімдеуді көздейді.

Сараланған оқыту – білім алушылардың жеке ерекшеліктерін, қабілеттерін, білім деңгейін, қызығушылықтарын ескере отырып, оқыту процесін ұйымдастыру әдісі. Бұл тәсіл әрбір оқушының өз мүмкіндіктеріне сай білім алуына мүмкіндік береді

1 лайк

Функционалдық сауаттылық — бұл адамның өмірде кездесетін нақты жағдайларда білімін, дағдыларын және қабілеттерін тиімді пайдалану және шешімдер қабылдау қабілеті. Яғни, функционалдық сауаттылық адамға тек мектепте немесе оқу орындарында алған білімін ғана емес, сондай-ақ күнделікті өмірде, жұмысқа орналасуда, қаржылық және әлеуметтік жағдайларды шешуде пайдалану мүмкіндігін береді.

1 лайк

1 лайк

Бойдың өсуі
Кестеде 1998 жылы Нидерландыда қыздар мен жасөспірімдердің орташа бойы көрсетілген.
1980 жылмен салыстырғанда 1998 жылы 20 жастағы қыздардың орташа бойы 2,5 см-ге артып,
170,6 см-ге тең болды.
а) 1980 жылы қыздардың орташа бойы қандай болды?
ә) Графикті пайдалана отырып, қай жастағы қыздардың орташа бойы сол жастағы жігіттердің орташа бойынан жоғары екенін анықтаңыз.
б) Осы график бойынша қыздардың өсуі орта есеппен 12 жастан кейін баяулайтынын қалай
анықтауға болатынын түсіндіріңіз.
10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 Жасы (жыл)
1998 жылы қ

3 лайка
  • Мысал 1: Үй сатып алу кезінде немесе несие алғанда, пайыздарды есептеу арқылы, қарызды төлегенде қанша ақша жұмсалатынын алдын ала білу.
  • Мысал 2: Дүкенде жеңілдіктер немесе акциялар кезінде тауардың бағасын есептеу. Мысалы, 30%-дық жеңілдікпен тауар сатып алғанда оның қанша тұратынын есептеу.
1 лайк

Түрлі түсті кәмпиттер
Анасы Рауанға қораптың ішіне қарамай одан бір кәмпит алуға рұқсат берді.
Қораптағы әр түсті кәмпиттер саны диаграммада көрсетілген.
қызыл
қызылт сары
сары
жасыл
көк
Рауанның қызыл кәмпит алуының ықтималдығы қандай?
а) 10%; ә) 20%; б) 25%; в) 50%;
Шешімі: Диаграммадағы деректер бойынша қораптағы кәмпиттер санын табайық:
6+5+3+3+2+4+2+5=30 кәмпит, олардың ішінде 6 қызыл кәмпит. Қызыл кәмпит алып шығудың
ықтималдығы:
6
30 = = 0 2, % 20 .
Жауабы: ә) 20%.

Сараланған оқыту — әрбір оқушының жеке қажеттіліктеріне, мүмкіндіктеріне және қызығушылықтарына сәйкес оқыту процесін ұйымдастыру. Бұл оқыту тәсілі оқушылардың әртүрлі деңгейдегі білім мен дағдыларына, оқу қарқынына, жеке қызығушылықтарына және күшті жақтарына назар аударады. Сараланған оқыту мақсаты — әр оқушыға өзінің толық әлеуетін ашуға мүмкіндік беру.

1 лайк

Функуионалдық сауаттылық дегеніміз —
адамның өмірде кездесетін түрлі жағдайларда ақпаратты дұрыс түсініп, оны тиімді түрде қолдана алу қабілеті.
Мысалдар
Математикалық сауаттылық-саудада ақша есептеу, сағат уақытын анықтау, қаражатты басқару
Сараланған оқыту дегеніміз-әрбір оқушының жеке қажеттіліктеріне, деңгейіне және даму ерекшеліктеріне негізделген оқыту әдісін қолдану.

1 лайк

Функционалдық сауаттылық білім алушыларға берілген тапсырманы өмірмен байланыстырып өмірде кездесетін түрлі жағдайларда ақпаратты дұрыс түсініп оны тиімді пайдалануға үйрету

Сараланған оқыту-оқушыларға тиімді әрі сапалы білім алуға мүмкіндік береді

1 лайк

Функционалдық сауаттылық дегеніміз — Бұл тек қана оқу мен жазу дағдыларын қамтып қоймай, алған білімді күнделікті өмірде, жұмыс орнында, қоғамда қолдануға мүмкіндік беретін дағдыларды да білдіреді.

Сараланған оқыту дегеніміз — Сараланған оқытуда оқушының жеке қабілеттері мен мүмкіндіктері ескеріледі, сондықтан әрбір оқушыға өзіне сәйкес әдіс-тәсілдер ұсынылады.

Мысалдар:
1. Әрбір оқушының білім деңгейіне сәйкес тапсырмалар ұсыну (қалыпты деңгейдегі тапсырмалар, жоғары деңгейдегі тапсырмалар).
2. Әртүрлі оқу материалдары мен құралдарын қолдану (бейнемазмұн, инфографика, интерактивті платформалар).
3. Оқушылардың мүдделеріне және оқу стиліне қарай жұмыс істеу (мысалы, кейбір оқушыларға жеке тапсырмалар немесе топтық жұмыстар ұсынылуы мүмкін).

1 лайк