Функционалдық сауаттылық

Математикалық сауаттылық - саудада ақшаны дұрыс есептеуге қаржы сауаттылық тапсырмаға математикалық модель құра білу

Функционалдық сауаттылық дегеніміз - заман талабына сай естіген ақпаратты тәжірибеде пайдалану қабілеті.
Мысалы: Электр қуатын үнемдеу үшін тұрмыстық техниканы дұрыс пайдалану.
Сараланған оқыту - оқушылардың білім деңгейін, қызығушылығын ескеріп, әр түрлі әдіс-тәсіл мен тапсырмаларды қолдану.

1 лайк

Адамның алған білімін күнделікті өмірде тиімді қолдана алу қабілеті. Ақпаратты түсіну,оны талдау және өмірлік жағдайда дұрыс шешім қабылдау.

1 лайк

1 лайк

1 лайк

1 лайк

Сараланған оқыту дегеніміз-білім алушылардың толық қабілетін ашуға, оларды тиімді білім алуына мүмкіндік береді алға ұмтылуына ықпал жасау

Саралап оқыту – бұл әртүрлі қабілеттері, дайындық деңгейі және оқу қажеттіліктері бар оқушыларға жеке көзқараспен қарау арқылы білім беру әдісі. Мұнда мұғалім оқу тапсырмаларын, әдістерін және бағалау түрлерін оқушылардың ерекшеліктеріне қарай бейімдейді.

Саралап оқытудың негізгі тәсілдері:

  1. Мазмұн бойынша саралау – оқушылардың білім деңгейіне қарай әртүрлі материалдар беру.
  2. Процесс бойынша саралау – тапсырмаларды орындау жолдарын өзгерту (мысалы, жеке, жұппен, топпен жұмыс).
  3. Өнім бойынша саралау – оқушыларға өз білімін әртүрлі тәсілдермен көрсетуге мүмкіндік беру (жазбаша жұмыс, презентация, жоба).
  4. Оқу ортасы бойынша саралау – әр оқушыға ыңғайлы жағдай жасау (тыныш бұрыш, топтық жұмыс, технологияны пайдалану).
    Саралап оқытудың артықшылықтары:

:heavy_check_mark: Әр оқушының жеке қажеттілігі ескеріледі.
:heavy_check_mark: Қабілетті оқушылардың дамуына мүмкіндік береді.
:heavy_check_mark: Оқу процесіне қызығушылықты арттырады.
:heavy_check_mark: Оқушылардың өзіндік сенімділігі артады.

Сіз математика сабағында саралап оқытудың қандай әдістерін қолданғыңыз келеді?

1 лайк

Сараланған оқыту – бұл әр оқушының жеке қажеттіліктерін, мүмкіндіктерін және қызығушылықтарын ескере отырып ұйымдастырылатын оқыту әдісі. Бұл тәсіл білім беру процесін барынша тиімді етуге және әрбір оқушының әлеуетін ашуға көмектеседі.

Сараланған оқыту —бұл әртүрлі қажеттіліктер мен қабілеттері бар оқушылар үшін оқу үдерісін тиімді ету мақсаттында қолданатын педагогикалық әдіс

1 лайк

Функционалды сауаттылық — адамның күнделікті өмірде кездесетін түрлі мәселелерді шешу үшін білімін, дағдыларын және қабілеттерін қолдана білу қабілеті. Оқушылардың алған білімдеріне өмірде тиімді және дұрыс пайдалануына мүмкіндік береді

Топтық жұмыс.
Функциналдық сауаттылыққа бағытталған тапсырма әзірледік

1 лайк

Функцоиналдық сауаттылық-адамның нақты өмірлік жағдайларды білімін, дағдыларын және қабілеттерін тиімді қолдана білу.

Есеп: “кофехананың табысын табу”
Эспрессо 800 тг күніне 85 стакан өтеді.
Латте 1200 тг күніне 65 стакан өтеді
Капучино 1000 тг күніне 70 стакан өтеді.
ШЫҒЫНДАР
Ай сайын жалға алу уақытысы 450000 тг
Индигридиентке күніне сатылатын бағаның 40%жұмсалады.
Қызметкерге 1 күнге 35000 тг төленеді.
СҰРАҚ:
Кофехананың бір күндік жалпы табысын есептеу керек.
Бір айдағы таза табысты есептеу керек.

Курста саралап оқытудың ерекшеліктері мен тәсілдерін сабақта тиімді қолдану мен оқушылардың қызығушылын артыруды тиімді ұймдастыруға топтық жұмыстар орындадық.

Функционалдық сауаттылық дегеніміз — адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарай ілесіп, мамандығын әрдайым жетілдіріп отыруы.
Саралап оқыту — орта мектепте оқыту тәсілі. Орта мектептегі оқу жоспары мен бағдарламасын оқушылардың бейімі мен қабілетіне, білім деңгейіне қарай жіктеу. Саралап оқыту оқушылардың білімін жан-жақты дамытуды, оларды қызықтыратын ғылым мен техника саласынан білімін жетілдіруді, сондай-ақ мамандыққа бейімдеуді көздейді.