Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылықты дамыту жолдары

Оқу тапсырмаларын күнделікті өмірмен байланысын арттыру

Бастауыш сыныптарда оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру үшін ойын әдісі оқушылардың қызығушылығын арттырып, оқытуда жеңіл әрі тиімді етеді. Ашық сұрақтар мен сұрақ-жауап әдісі және интерактивті әдістер қолдану тиімді

Функционалдық сауаттылықты арттыру үшін жобалық әдіс,кейстерді талдау,деабаттар,топтық жұмыс,сыни ойлау әдістері,ақпараттық-комуникациялық техналогиялар сияқты әдістер тиімді

Адамға күнделікті өмірде әртүрлі жағдайларда кездесетін ақпаратты түсініп,қолдана білу қабілетін қалыптастыру деп білемін.Түрлі тапсырмаларды орындауға,проблемаларды шешуге,ақпаратты талдауға,сондай - ақ тиімді шешім қабылдауға мүмкіндік беретін дағдыларды дамыту процесі деп білемін.

Функционалдық сауаттылықты қалыптастыратын түрлі әдіс-тәсілдердің ішінде балаға қызықты болатын, жалықпайтындай ойын түрінде берілетін логикалық тапсырмаларды көбірек пайдаланған дұрыс деп ойлаймын. Менің ойымша, бір сарынды тапсырманы қолдана бермей, әртүрлі әдістерді кезектесе пайдаланған жөн.

Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту тәсілдерін күнделікті өмірде түрлі тапсырмалар беру арқылы шыңдауға болады. Түрлі қызықты тапсырмаларды беру арқылы, тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалану. Белгілі бір тақырыпта зерттеу жүргізуге тапсырма беру арқылы олардың шығармашылық және талдау дағдыларын дамытуға болады.

Адамның күнделікті өмірдегі кездесетін ситуациялардан шығу жолдарын өзінің өміріндегі кездесетін проблемаларымен салыстыру

Бастауыш сынып оқушыларының функционалдылық сауаттылығын оқу процесінде ойын технологиясын қолдану, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру. Оқыған тапсырмаларын бір біріне сұрақ қойып пікір алмасуды дағдыландыру.

Бастауыш сыныптарда білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру барысында жобалық, интерактивтік, диференциация әдістерін тиімді қолдану арқылы білім алушылардың өмірде қажетті дағдыларды меңгеріп, проблемаларды шешуге және ақпараттарды қолдануға , талдауға ықпал етеді.

Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру -заман талабына сай өскелең ұрпақтың өмірге бейімділігі, халықаралық стандарт деңгейінде сапалы білім мен тәрбие алуының негізгі құралы.

Смаилова Зере Осербаевна тренерге алғыс білдіремін. Өзіме керекті құнды ақпараттарды алдым. Тренерден үйренеріміз көп. Жалпы курстар жиі ұйымдастырылып тұрса жақсы болар еді.

1 лайк

Өмірге қатысты мысалдар .Практикалық жұмыстар. Окушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру үшін интерактивті тақталар , компьютерлік бағдарламалар электронды оқулықтар пайдалану.Мәтін оқуда өз ойларын еркін жеткізе білу үрету.

Ұсынылатын тапсырма балаларға қолжетімді болу керек.

     Функционалды  сауаттылықты дамыту  үшін  оқушыларға мәтінді түсіну, негізгі ойды табуға қорытынды жасай білу дағдыларын қалыптастырып отыру керек деп ойлаймын.

Бастауыш сыныптарда білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру барысында әр түрлі әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану арқылы білім алушылардың өмірде қажетті дағдыларды меңгеріп, проблемаларды шешуге үйретеді.

Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту қазіргі білім беру жүйесінің маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.Функционалдық сауаттылық - бұл адамның алған біліміне өмірде, қоғамда және кәсіби қызметте тиімді пайдалану.

оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру -білім беру процесінің негізгі бөлігі болып табылыды.Қазіргі білім мен ғылымның дамыған заманда білім беру жүйесінде"Функционалдық сауаттылығы" қалыптастыру ең өзекті мәселе.

Функционалдық сауаттылық - адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсе алуы, бейімделуі, қарым-қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші. Ол баланың әлеуметтік ортада дұрыс қарым-қатынас жасауы мен білім-білік, дағды жиынтығының көрсеткіші.

Бастауыш сынып оқушыларының фунционалдық сауаттылығын арттыру үшін,күнделікті өмірде белгілі бір ситуациялық тапсырмаларды орындау арқылы жасалады.

Күнделікті өмірмен байланысты тапсырмалар беру және топтық жұмыс, пікірталас, проблемалық ситуацияларды тудыратын тапсырмаларды пайдалану арқылы бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыруға болады деп ойлаймын.

1 лайк