Рефлексивті ойлау – сыни ойлауға қарағанда, нәтиже алу процесінің өзін көрсетеді, яғни, қай тәсілмен, қандай әдістермен және қандай еңбекпен бұл нәтижеге жеткені туралы ойлаудың белсенді түрі. Қазіргі таңда білім беру жүйесі кәсіби маман алдына тұлғалық және рефлексивті ойлау қабілеттерін дамытуды бірінші орынға қойып отыр. Сондықтан әр мұғалімге өз бетімен инновацияны меңгеруге, кәсіби қиыншылықтарды жеңуге, инновациялық тәжірибені әріптестермен бөлісуге біліктілік арттыру курстары мен семинарға қатысқаннан кейінгі педагогтың кәсіби дамуындағы болған өзгерістер моделіне шолу жасап, мұғалімнің ең жоғарғы деңгейі – педагогикалық рефлексияға бағыттау мақсатында осы әдістемелік құрал ұсынылып отыр. Орыс ғалымдарының еңбектерін негізге ала отырып, қабілеттің ең жоғарғы деңгейі педагогикалық рефлексияны мектепте құрудың маңыздылығына тоқталып, зор әлеует мүмкіндіктеріне ие, дәстүрлі емес педагогикалық ойлаумен ерекшеленген, кәсіби міндеттерді сауатты шешу дағдылары бар, педагогикалық шынайылылықты өзгерте алу қабілеті және әрекеттік нәтижеге жете алатын мамандар ғана өмірдің жаңа жағдайында жасай алады дегім келеді.
Оқу бағдарламасының принципі: * Оқушыны өмірге дайындаудағы ең маңызды фактор-білім беру мен оқытудың тиімділігі
- Тиімді сабақ беру мен оқыту білімінің құнды формаларымен тығыз байланыста әрекет етеді
- Тиімді сабақ беру мен оқыту негізгі бағыты ретінде оқытуды қолдайтын дәйекті саяси шеңберді талап етеді
Оқу бағдаламасын жасақтаудың үш тәсілдемесі: ресми оқу , жасырын оқу, қолданыстағы оқу бағдарламасы