Жаhандық құзыреттілік – заман талабы


Жаһандық құзыреттер – қазіргі және болашақ ұрпақтың өміріне әсер ететін кез-келген проблемаларды шешуге қатысу үшін қолданылатын білім, білік, көзқарас пен құндылықтар.**
Педагог ретінде біздің міндетіміз - білім алушыларды тез өзгеретін әлемге дайындау.
Сондықтан, білім алушылардың жаһандық құзыреттіліктерінің қалыптасуы неде?

  • сыни және логикалық ойлау;
  • мәселелерді шешудегі өнертапқыштық және шығармашылық тәсіл;
  • коммуникация құра білу, ынтымақтастық;
  • командада жұмыс істеу.
1 лайк

Мен осы курстың тыңдаушысы Жеңіс Асем Болатбекқызы. Осы курсқа келгенше жаһандық құзіреттілік туралы жалпы түсінігім болсада нақты заманауи пән екенін білмедім. Курсқа қатыса отыра осы пәннің негізгі мақсаты мен міндеттерін айқындадым, сонымен қатар оны балаға үйретуде қолданылатын әртүрлі әдіс-тәсілдерді меңгердім. Ең басты қазіргі таңда баланы қызықтыруға арналған түрлі платформаларды пайдалануды білдім. Медиасауаттылық туралы көптеген информациялар жинақтай отыра сол үйренген мәліметтерімді мектебіме апарып көрсетуге дайынмын. Осындай курсты ұйымдастырып, біздің білімімізді кеңейтуге үлесін қосып отырған “Өрлеу Маңғыстау” ұжымына үлкен алғысымды білдіремін.

4 лайка

Жаһандық құзіреттілік курсы – бұл менің дүниетанымымды кеңейтіп, жаһандық мәселелерге деген көзқарасымды қалыптастыруға үлкен ықпал етті.
Курстың ең алғашқы күндерінен-ақ, мен әлемнің түрлі мәдениеттері мен қауымдастықтары арасындағы қарым-қатынастың қаншалықты маңызды екенін түсіндім.
Курс барысында жаһандық мәселелерді шешу үшін аналитикалық ойлау мен сыни тұрғыдан қараудың маңызды екенін ұғындым.
Жаһандық құзіреттілік курсы маған әлемді жаңа қырынан көруге, күрделі жаһандық мәселелерді түсініп, оларды шешуге деген ынтаны оятуға көмектесті. Және сабақ барысында қолданылатын әдіс-тәсілдерді сабақ тақырыбының мазмұнына сай қолдануды практикалық тұрғыдан меңгердім. Мен өзімді тек қана белгілі бір қоғамның емес, әлемдік қауымдастықтың бір бөлшегі ретінде сезініп, сол әлемге өз үлесімді қосуға дайын екенімді түсіндім

3 лайка

Жаһандық құзіреттілік курсына келіп #Медиасауаттылық бұл ақпаратты дұрыс іздеу ,тексеру,анализ жасау және сыни ойлау .Медиа мәтіндерді"Сенімді және сенімсіз"ғылыми дереккөздер ,дәлдігі оң және теріс ақпараттарды басқада платформаларды қалай қолдануды білдім

3 лайка

Жаһандық құзыреттілік пәні білім алушылардың жаһандық проблемаларға жауапкершілікпен қарап, мәдениетаралық түсіністік пен ынтымақтастыққа бағытталған дағдыларды дамытуға көмектеседі. Бұл пән олардың әлемдегі орындарын анықтап, болашақта белсенді азаматтар болуына негіз болар еді.

2 лайка

Мен осы курстың тыңдаушысы Исамбаева Нұржамал Әшімқызы. Жаһандық құзіреттіліктің заманауи пән болатынына көзім жетті. Сабақ барысында бір тақырыпқа бірнеше әдіс қолдануға болатынын үйрендік. Медиасауаттылыққа үйрететін әдіс-тәсілдерді өз тәжіребиемде қолданамын. umaigra, wordwall платформаларында жұмыс жасауды үйрендім. Курсты нақты, түсінікті өткізген, әр тыңдаушының жүрегіне жеткізе білген Ақбілек Қошқарбайқызына алғысым шексіз.

2 лайка

Курс барысында жаһандық құзыреттіліктің бағдарлама құрылысымен танысып, жаһандық құзыреттілікті мақсатты түрде қалыптастыру құралдарын анықтадық. Халықаралық, отандық цифрлық платформаларды зерттеп, оларды сабақтарда ұйымдастыру және өткізу үшін пайдаланып, құзыреттіліктерімізді дамыттық.

2 лайка

Мен,Беркімбай Гүлшат Күшікбайқызы 7-18.10.2024 аралығындағы Маңғыстау облыстық”Өрлеу” КБДИ ұйымдастырған “Жаһандық құзіреттілік” курсының тыңдаушысымын.Кураторымыз институттың білікті маманы, тренер Жұмабаева Ақбілек Қошқарбайқызы.Курс барысында оқушының сыни ойлауын,дүниетанымы мен көзқарасын қалыптастыруға арналған түрлі инновациялық әдіс тәсілдерді,түрлі білім платформаларымен жұмыс жасауды үйренудеміз.Пәннің юниттерін жеке,топтық тапсырмалар арқылы талқылап,облыс мектептерінен келген әріптестерімізбен тәжірибе алмасып,ой бөлісудеміз.

2 лайка

Мен осы курстың тыңдаушысы Кубенова Алтынгул Жауынбаевна. Курста жаһандық құзіреттілік мәнін түсіну,бұл ұғым білім беру жүйесінде жаңа бағыт екенін түсіндім.заманауи әлемдегі жылдам өзгерістер мен жаһанданудың әсерінен оқушыларды тиімді дайындау керек екенін түсіндім.
Оқушыларды әлеуметтік мәселелерге,экологиялық міселелерге жауапкершілікпен қарауға үйрету керектігін курста тыңдадым.Осы курсқа тыңдаушы болып қатысқаныма және әріптестерімнен үйренген мәліметтерді тәжірибемде пайдалануға дайынмын.Курсты ұйымдастырған ,білімімізді кеңейтуге үлес қосып отырған “Өрлеу Маңғыстау” ұжымына және курс жүргізуші кафедра аға оқытушысы Ақтілек Қошқарбайқызы Жұмабаеваға алғысым шексіз.

1 лайк

Мен,Беркімбай Гүлшат Күшікбайқызы 7-18.10.2024 аралығындағы Маңғыстау облыстық”Өрлеу” КБДИ ұйымдастырған “Жаһандық құзіреттілік” курсының тыңдаушысымын.Кураторымыз институттың білікті маманы, тренер Жұмабаева Ақбілек Қошқарбайқызы.Курс барысында оқушының сыни ойлауын,дүниетанымы мен көзқарасын қалыптастыруға арналған түрлі инновациялық әдіс тәсілдерді,түрлі білім платформаларымен жұмыс жасауды үйренудеміз.Пәннің юниттерін жеке,топтық тапсырмалар арқылы талқылап,облыс мектептерінен келген әріптестерімізбен тәжірибе алмасып,ой бөлісудеміз.

Бүгінгі курста өткен тақырыптар өте өзекті болды.

07.10-18.10.2024 жыл аралығвнда Жаһандық құзыреттілік курсна қатысып бұл пәннің оқушыға берері мол екенін түсіндім, оқушының жан жақты дамуына үлес қосып заман талабына сай сыни түсінік қалыптастыруына ықпал жасайтынына көзім жетті, курс барысында жаһандық құзыреттілік сабағын қалай тартымды және оқушының қызығушылығын оятуға әр түрлі топтық және жеке жұмыстарды цтфрлы форматта ұймдастыруға болатынын үйрендік. Жаһандық құзыреттілік пәні оқушының заман талабына сай тұлға болып қалыптасуына үлкен әсер беретініне сенімім мол.