Қазақ тілі, Қазақ әдебиеті сабағында оқу сауаттылығына баса назар аударамын. Белгілі бір тақырыптар бойынша мәтіндер алынып, сол мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар құрастырып, дұрыс жауабын табуға арналған тапсырмалар әрірлеп орындатамын. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ретінде цифрлық білім беру ресурстарын өз тәжірибемде жиі қолданамын. «»Wordwall, kahoot, canva, guizizz платформалары –сабақты түсіндіріп, уақытты тиімді пайдалануға, интерактивті оқу- әдістемелік қосымшалар жасауға, оқушылардан кері байланыс алуға, өз білімдерінде жіберілген қателерімен түзету жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік беретін тиімді сервистер.Бұл платформаның тиімділігі тест, салыстыру, жұбын табу, бос орынды толтыру, мәтін енгізу, хронологиялық кесте, жіктеу, топтастыру тапсырмаларын орындатуда өте қолайлы. Сонымен қоса ол арқылы суреттермен жұмыс жасатып, оқушылардың қызығушылығын оятатын сергіту сәттерін де құрастыруға болады. Бұдан бөлек викториналық сұрақтар, пазл, аудио/ видеоконтент , сөзжұмбақ модульдерін әзірлеуге қолайлы. Сабақ барысында жаңа сабақ бойынша бнйнематериалды көрсетіп, сол бейнематериал бойынша викториналық сұрақтарға жауап алуға болады. Бұл оқушылардың тыңдалым дағдыларын жетілдіре түседі. Ал «мәтінді енгізу» бойынша оқушылардың ауызша жауабынан бөлек, оның жазу сауаттылығын тексеруге де тиімді.