Тәрбиенің ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтары негізінде білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық аспектілері

«Салыстыру картасы» әдісі: Тыңдаушылар Қазақстанның географиялық және демографиялық деректерін қызыл стикерлерге, ал ақ стикерлерге – көршілес елдердің географиялық және демографиялық деректерін жазады. «Өзің жаса» әдісі: Тыңдаушылар патриоттық рухты қалыптастыруға ықпал ететін мәдени мұра және қазынамызды көрсететін математикалық сауаттылық тапсырмаларын әзірлейді.