Қазіргі таңда «Мектеп тәлімгерлігі» өзекті мәселелердің бірі болып отыр. ҚР-ның «Педагог мәртебесі туралы» Заңы 2019 жылы 27 желтоқсанда шыққан кезден бастап ҚР-ның БҒ министрінің 2020 жылы 24 сәуірдегі №160 бұйрығымен бекітілген тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидаларын және тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагогтерге талаптар қойылған. Биылғы 2021-2021 оқу жылында білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізіліп, 2021 жылғы 16 қыркүйектегі №472 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 18 қыркүйекте № 24429 болып тіркелген болатын. Өзім тәлімгер болып жүрген Жетісу орта мектебінде педагогикалық қызметте еңбек стажы жоқ мұғалімдермен жеке тәрбиелік жұмыс қарқынды түрде жүргізілуде. Тәлімгерлікке тағайындаған мұғалім сабақ беру мен тәрбие саласына қатысты әдістемелерді игерген, білімді, кәсіби және адамгершілік қасиеттері жоғары тәжірибелі мұғалім болуы керектігі бәріне белгілі. Ал жас маман – жоғары оқу орындарының бағдарламалары бойынша педагогика негіздерін игерген, өз қабілет-қарымын одан әрі жетілдіруді қалайтын, іске жаңадан кіріскен мұғалім.