Сапалы білім – табысты болашақтың кепілі

Қазіргі заманда білім беру саласы қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі тірегіне айналды. Білім алушылардың білім сапасын қамтамасыз ету – білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі ретінде қарастырылады. Бұл міндетке қол жеткізу кешенді, жүйелі және үздіксіз жұмыстарды талап етеді. Білім сапасы – тек оқушының білім, білік, дағды деңгейімен шектелмейді, ол оқу үдерісінің тиімділігіне, оқу бағдарламасының мазмұнына, педагогтердің кәсіби деңгейіне және оқу ортасының дамуына тікелей байланысты.

Жаңа мазмұндағы оқу бағдарламаларын енгізу – білім сапасын арттырудың басты тетіктерінің бірі. Оқу мазмұны оқушының функционалдық сауаттылығын, шығармашылық ойлауын, зерттеушілік қабілетін дамытуға бағытталуы қажет. Бұл бағытта STEM, жобалық әдіс, саралап оқыту сияқты заманауи әдістерді тиімді қолдану маңызды.


Педагог кадрлардың кәсіби құзыреттілігін дамыту Білім сапасы тікелей педагогке байланысты. Мұғалімдердің кәсіби даму жоспары жүйелі ұйымдастырылып, жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру, бағалау және саралау дағдыларын жетілдіру бойынша тұрақты курс, шеберлік сағаттары, тәжірибе алмасу алаңдары ұйымдастырылуы тиіс. Педагогтің рефлексиялық қабілеті мен оқу жетістіктеріне талдау жасай білу дағдысы білім сапасына оң әсер етеді.


Білім алушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру. Оқушылардың оқу стилі, қабілеті мен қызығушылықтарын ескеретін дараланған және сараланған оқыту білім сапасын арттырады. Бұл үшін диагностикалық жұмыстардың нәтижелерін сараптап, жеке оқу траекторияларын құру – маңызды міндет.

Бағалау – оқушының тек оқу үлгерімін анықтап қана қоймай, әрі қарай даму бағытын айқындайтын құрал. Қалыптастырушы бағалау, өзін-өзі бағалау, құрдастармен бағалау сияқты тәсілдер білім алушылардың метатанымдық және рефлексиялық дағдыларын дамытуға ықпал етеді.

Қауіпсіз, қолайлы, ынталандырушы білім беру ортасы – сапалы білім алудың алғышарты. Оқу кабинеттерінің жабдықталуы, цифрлық ресурстармен қамтамасыз етілуі, кітапханалық қордың жаңартылуы, психологиялық қолдау қызметінің тиімді ұйымдастырылуы – білім сапасына тікелей әсер ететін факторлар.

Білім сапасын басқару – деректерге сүйенген шешім қабылдаудан басталады. Ішкі және сыртқы мониторинг нәтижелері талданып, кемшіліктер бойынша нақты жоспарлар әзірленіп, жүйелі жұмыс жүргізілуі қажет.

Білім сапасын қамтамасыз ету – тек мектеп ұжымының ғана емес, ата-аналар мен қоғамның ортақ міндеті. Бұл бағытта тиімді педагогикалық тәжірибе, кәсіби рефлексия және стратегиялық басқару жүйесі бір арнада тоғысқанда ғана нақты нәтижеге қол жеткізу мүмкін. XXI ғасыр мектебі білім берудегі сапа мәдениетін қалыптастыру арқылы табысты тұлғаны тәрбиелеуге жол ашады.

11 лайков

Сабақ өте керемет деңгейде өтті. :+1: :+1: :+1:

1 лайк

Сабақ барысында бағалау парағы мен педагог қызметіне қойылатын талаптарды реттейтін нормативтік құқықтық құжаттармен шолу жасадық. Алдағы уақытта стандартқа сай сабақты жүйелі түрде ұйымдастыру жоспары мен жолдарын үйрендім.

1 лайк

сабақ өте керемет өтті

1 лайк

Бүгінгі сабақ жоғары деңгейде, мазмұнды болды. Керемет! :+1:

1 лайк

Сабақ жақсы деңгейде өтті. Әлі де үйренеріміз алда :hugs:

1 лайк

Педагог кәсіби шеберлігінің қыры мен сырын толықтыра білдік

1 лайк

Бүгінгі сабақ өте қатты ұнады.

1 лайк

Сабақ барысында нормативтік құжаттарға жалпы шолу жасалды.Жақсы өтті

1 лайк

Бүгінгі курстың бірінші күні керемет өтті

1 лайк

педагогтың кәсіби құзіреттілігіне қатысты құнды ақпараттар алдық

1 лайк

Бүгінгі курстың алғашқы күні сәтті өтті. Педагог қызметіне қойылатын талаптар мен нормативтік құқықтық құжаттар талқыланып, топтық жұмыста талқыланды.

1 лайк

жаңа SMART технологиямен оқытуды алдағы уақытта сабақ барысында жүйелі түрде қолдану идеясы туып тұр және бағалау түрлері мен аттестациялау туралы көптеген мәліметті жеткілікті қамтыдық :+1:

1 лайк

Сабақ жақсы деңгейде өтті

1 лайк

Бүгінгі өткен сабақ сапалы сабақ болды деп ойлаймын. Әр педагог өз пікірін еркін жеткізді және өзіне керегін алды. Соның ішінде, білім сапасы ұғымының негізігі компоненттеріне нақты тоқталды.

1 лайк

Сабақ барысында бағалау парағының тиімділігі және педагог қызметіне қойылатын талаптар жөнінде қосымша таныстым және толықтырдым

1 лайк

Сабақ өте жоғары деңгейде өтті. Нормативтік-құқықтық актілермен жұмыс істеуді, кәсіби стандарттарды,бағалау және талдау қабілеттерін тереңірек түсіндік.

1 лайк

Бүгінгі сабақ керемет болды. Құнды ақпаратпен бөліскеніңізге рахмет

Сабақтың барысында топтық жұмыс жасаған ұнады. Бір топ болып идеяларымызды біріктіріп бір үлкен жұмыс жасадық. Сабақ ұнады.

әріптестермен пікір алмасу