Педагог мектептің жүрегі, ұстазы жақсының ұстамы жақсы деп айтылғандай, ұстаздың берген білімі мен тәрбиесінің сапалы болғаны жақсы. Педагогикалық әдеп сақтау әр мұғалімнің міндеті.
Мұғалім қандай жағдай болмасын өзінің әдеп нормаларын сақтау керек.Мұғалімнің бойындағы әрбір қасиет - кәсіби шеберліктің белгісі болуы керек. Мұғалім өзінің абыройына нұқсан келтірмеуі үшін өзін ұстап білуі мен сөйлеп білуі де маңызды. Әдептілік - мұғалім тұлғасының басты белгісі екенін естен шығармағанымыз жөн.
Педагогикалық әдеп - бұл мұғалімнің кәсіби қызметінде білім алушылармен, әріптестеріме, ата-аналарымен және қоғаммен қарым-қатынас жасау кезінде ұстанатын моральдық-этикалық қағидалар жиынтығы.
Мен мұғалім ретінде өз кәсібімде педагогикалық әдепті сақтау маңызды деп білемін. Окушыны жеке тұлға деп қабылдау, әділ болу оның әр намысын қорғау жақсы жаққа үйрету менің міндетім деп білемін. Педагогикалық әдепті сақтау тек тәртіпті ережені сақтау емес жүректен шығатын мейірімділік пен адалдық деп білемін.
Педагогикалық әдеп – мұғалімнің кәсібилігінің айнасы. Әдептілік пен адамгершілік қағидаларына сүйеніп жұмыс істеген мұғалім – оқушылардың жүрегіне жол таба алады. Бүгінгі сабақ мені болашақта мұғалім ретінде өз әрекеттерімді тереңірек ойлауға үйретті.
Педагогикалық әдеп — мұғалімнің кәсіби қызметінде маңызды рөл атқаратын моральдық және этикалық нормалар жүйесі. Бұл әдеп мұғалімнің оқушылармен, ата-аналармен және әріптестермен қарым-қатынасын дұрыс ұйымдастыруға, әділдік пен жауапкершілік көрсетуге, сондай-ақ оқушыларға құрметпен және түсіністікпен қарауға бағытталған. Педагогикалық әдептің принциптері мұғалімнің жеке тұлғалық қасиеттерін, кәсіби әдебін қалыптастыруға көмектеседі. Әдепті және әділ мұғалімдер оқушылардың тұлғалық дамуына оң ықпал етіп, оқу үдерісін тиімді және нәтижелі етеді. Осылайша, педагогикалық әдеп білім беру жүйесінің сапасын арттыруға, оқушылар мен мұғалімдер арасындағы сенімді және құрметке негізделген қарым-қатынасты нығайтуға үлкен үлес қосады.