Бұл білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты – педагогтердің цифрлық сауаттылығын арттыру, олардың педагогикалық құралдарын байыту және оқу процесіне заманауи ақпараттық технологияларға негізделген инновациялық тәсілдерді енгізу болып табылады.
Курс барысында тыңдаушылар жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндерді оқытуда тиімді цифрлық ресурстарды қолдану тәжірибесін меңгеріп, сабақтың сапасы мен нәтижелілігін арттыруға бағытталған жаңа білімдер алады.
Аталған бағдарлама ауыл мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін дамытуға, оқыту әдістерін жетілдіруге және оқушылардың сапалы білім алуына мүмкіндік береді.
Бұл біліктілікті арттыру курсы педагогтердің кәсіби дамуына жаңа серпін беріп, білім беру жүйесіне инновациялық өзгерістер енгізуге ықпал етеді.
Пәндерді оқытуда цифрлық ресурстарды пайдалану курсында үйренгеніміз өте көп болды. Алдағы уақытта практикада пайдасы тиетін керемет курс болды. Болатбек ағайға мың алғыс! Жұмысыңызға шығармашылық табыс тілеймін!
Бұл курстан үйренгеніміз көп.Бұл курс мұғалімнің кәсіби дамуына серпін беріп,білім беру жүйесінде инновациялық өзгерістер енгізуімізге ықпал етті.Оқытуда бізге цифрлық ресурстарды қолдану тәжірибесін меңгертті.Тренеріміз Б.Тәжібаев өз ісінің тәжірибелі маманы екенін курс оқыту барысында мықты дәлелдеді.Курстан жақсы әсер алдым.
Цифрлық ресурстарды пайдалану курсында үйренгеніміз өте көп болды. Осы курс арқылы сабақта оқу процесін жеңілдететін бірнеше тәсілдерді меңгердік. Жетекшіміз Болатбек Тәжібаевқа рақмет.
Бұл курстан үйренгеніміз көп болды. Әртүрлі платформалармен жұмыс жасап үйрендік. Цифрлық құзіреттілік бойынша дағды қалыптастырдық. Тренеріміз Болатбек Тәжібаев ағайға алғыс білдіремін.
Цифрлық ресурстарды пайдалану-қазіргі заман талабы.Осындай бастамалар көбейе берсін.
Өте пайдалы курс екен.Мұғалімдер үшін жаңа мүмкіндіктер ашылады деп ойлаймын
Пәндерді оқытуда цифрлық ресурстарды пайдалану тақырыбындағы курс өте пайдалы , өзекті тақырып қамтылған.Курс барысында түрлі платформалармен жұмыс жасаудың тәсілдерін меңгердім.Тренеріміз Булатбек Тәжібаев ағайға алғысымыз шексіз. Сабырлы барлық нәрсені байыппен түсіндірді.Болашақта өз тәжірибемде қолданатын боламын.
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» ұйымдастырған курс барысында цифрлық ресурстарды пайдалану меңгертуге бағытталған сапалы, мазмұнды дәрістер мен практикалық сабақтарыңыз үшін шын жүректен алғысымды білдіремін.
Сабақ үдерісіне жаңа цифрлық ресурстарды пайдалану жолдарын жан-жақты түсіндіріп, заманауи білім берудің маңызын терең ұғындыруыңыз — кәсіби біліктілігімді арттыруға үлкен үлес қосары анық. Ұсынылған технологиялар мен әдістемелер болашақтағы тәжірибемде өз жемісін беретініне сенімдімін.
Сізге шығармашылық табыс, сарқылмас шабыт және кәсіби жетістіктер тілеймін!
Курс өте жоғары деңгейде өтті. Бұл курстан үйренгеніміз көп болды, цифрлық ресурстарды қолдану тәжірибесін меңгердік. Тренеріміз Булатбек Тәжібаевқа мың алғыс!