Оқу дағдыларын қалыптастыру және дамыту жолдары.
Сабақ барысында оқушыларға оқу дағдыларын дамытуда қандай әдіс-тәсілдерді қолданған тиімді екенін саралау, анықтау және тәжірибемен бөлісу.
Сабақ беру барысында тыңдалым мен оқылым дағдылары бойынша білім алушыларда келесі проблемалар туындайды: тыңдалған мәтін мен оқылған мәтін арасындағы байланысты таба алмауы. Бұл зейіннің тұрақсыздығы. Шешу жолдарын қарастыру.
«Тіл білімі ереже жаттату түрде үйретілмей, сөздің тұлға, мағына, қисын жағын тану түрде үйрету керек...» деген Ахмет Байтұрсыновтың ұлағатты сөзі бүгінгі күні әрбір тілдік пән мұғалімдерінің ұстанымы, әсіресе өзге ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілді оқытып отырған қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімдері бұл орайда тілдік дағдыларды дамыту жолдарын өз тәжірибесінде үнемі жетілдіріп отыру керек деп есептеймін.
Тілді тиімді меңгерту негізгі төрт дағдысы және қосымша бесінші дағды тілдік бағдар арқылы жүзеге асырылады. Оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым дағдылары коммуникативтік дағдылар болып табылады. Аталған дағдылардың әрқайсысының өзіне тән ішкі дағдылары мен оны үйрету жолдары, яғни ерекшеліктері бар. Сабақты аталған дағдылар ерекшелігін ескеріп құру, тілді тиімді меңгеруге септігін тигізеді. Коммуникативті дағдыларды басшылыққа алып оқыту функционалды сауаттылықты қалыптастыруға мүмкіндік береді. Грамматикалық білім (тілдік бағдар) тілдік төрт дағдыны қалыптастыру барысында жүзеге асып отырады. Оқушының әдеби тіл нормаларын дұрыс және орынды қолдана білуіне үлкен мән беріледі. Ал лексикалық тақырыптар белгілі бір тақырыптар аясында оқушылардың сөздік қорын байыта отырып, сөздердің мағынасын түсінуге, мақсатқа сай орынды қолдануын жүзеге асырады.Тілдік бағдар әрбір бөлімдегі лексикалық тақырыпты меңгерту үшін бағдарламада көрсетілген грамматикалық материалдар «Тілдік бағдар» айдарымен ұсынылды. Тілдік бағдар барлық дағдыларда көрініс табады. Сол үшін тілдік бағдарды төрт дағдыдан тыс қарастырмаған абзал.
төрт дағдыны орынды қолдана алу, тақырыптың мақсатына ыңғайлап алып, жоспарлы түрде ұйымдастыру мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты. Әр дағдының тапсымасы орынды жасалғанда, сабақтың негізі міндетіне көше алады.