Оқылымды жақсарту ол жадағай оқудан тұрмайды. Оны жақсартудың жүйеленген әдіс-тәсілдері бар. Солардың ішінде біз жаңарған білім беру бағдарламасы аясында оқылым әдіс-тәсілдерінің 3 кезеңді қамтитынын қарастырып жүргеніміз білеміз.
«Оқылым алдындағы кезеңде оқушылар суреттерді қалай қолдану керектігін, мәтіннің мазмұнын табуды және зерттеуді үйреніп, өздерінің анағұрлым тиімді оқуына көмектеседі. Мәтінді оқыған кезде олар маңызды ақпаратты қажет емес бөліктерінен қалай ажырату керектігін үйреніп, оқу жылдамдығы қаншалықты артатынын және таныс емес сөздерге қалай түсінік берілетінін үйренеді. Оқылымнан кейінгі кезеңде оқушылардан қайтадан оқып шығып, нақты ақпаратты табуды және оқығандарын түйіндеуді сұрауға болады»
2 лайка