Оқу сауаттылығы – бұл адамның мәтіндерді түсіну, пайдалану, бағалау,
олар туралы ойлау және мақсаттарына жету, білімі мен мүмкіндіктерін кеңейту,
әлеуметтік өмірге қатысу үшін оқумен айналысу қабілеті.
Оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастыру келесі дағдыларды
дамытуды көздейді: ақпаратты табу және алу, мәтінді біріктіру және түсіндіру,
мәтіннің ақпараты мен формасын түсіну және бағалау, мәтіннен ақпаратты
пайдалану мүмкіндігі.