Оқушылардың мінез-құлқының бұзылуы: мәні, жауап беру алгоритмі Балалар ұжымдарында буллинг пен кибербуллингтің алдын алудағы мұғалімнің рөлі

Буллингтің түрі көп. Мысалы, қазіргі күні бірнеше түрін жиі естіп жүрміз. Олар: сөзбен, күшпен қорқыту. Көп жағдайда сөз арқылы әлімжеттік көрсетіп алып, соңы күшке ұласуы мүмкін. Бұл жалпылама айтқанда бір адамның екінші адамға үстемдік көрсетуі. Бір адамның екінші адамға күш көрсетуі жақсы емес.Буллинг кез-келген сыныпта болуы мүмкін. Сондықтан қырағылықты сақтау, не болып жатқанын бақылау және қажет болған жағдайда әрекет ете білу маңызды. Бұл уақытты қажет ететіні анық. Іс жүзінде әр сыныптың және әр мұғалімнің буллингке қатысты, және, мүмкін, мұндай жағдайдан қалай шығу керектігі туралы өз тәжірибесі бар. Буллингтің жекелеген жағдайларында психологтар, мектеп әкімшілігі, ата-аналар тартылады. Әрине, кез-келген жанжалды жағдайдың салдарын жойғаннан гөрі алдын-алу жақсы. Бұл мәселеде педагог - психолог маңызды рөл атқарады.

Буллингтің алдын алу және оған қарсы іс-қимыл бойынша жоспар жасау маңызды мәселе, әсіресе мектептерде, жұмыс орындарында және қоғамдық орындарда.