Оқу сауаттылығы бойынша мәтінді түсіну

Мәтінді түсіну
Бұл тақырып оқушылардың көркем және ақпараттық мәтіндерді түсініп оқуын, негізгі ойды анықтауын, мәтіннің мазмұнын талдауын және өз ойын жеткізе білу қабілетін дамытуға бағытталған. Оқушылар оқыған мәтіннен маңызды ақпаратты іріктеп, оны өз сөзімен айтып беру, кейіпкерлердің іс-әрекетіне баға беру, оқиғаға байланысты өз пікірін білдіру дағдыларын үйренеді. Сонымен қатар, мәтінмен жұмыс жасау барысында сөздік қорын байытып, тілдік нормаларды сақтап сөйлеуге дағдыланады.

Мәселені шешу жолдары:

  1. Мәтінмен кезең-кезең жұмыс жасау
  • Мәтінді бөліп оқу (абзацпен, сөйлеммен).
  • Әр бөлімнен кейін сұрақ қою: “Бұл бөлікте не айтылды?”, “Негізгі ой қандай?”
  1. Сұрақ-жауап әдісі
  • Мәтін бойынша әртүрлі деңгейдегі (жеңілден күрделіге) сұрақтар құрастыру.
  • Ашық сұрақтар: “Сен бұл оқиғаға қалай баға берер едің?”
  1. Карта-сұлба (графикалық) қолдану
  • Кейіпкер картасы, оқиға желісінің сызбасы, себеп-салдар сұлбасы.
  • Бұл тәсіл ақпаратты көзбен көруге көмектеседі.
  1. Рөлдік ойындар немесе көрініс қою
  • Мәтін мазмұнын рөлдерге бөліп ойнау арқылы жақсырақ түсінеді.
  • Эмоциялық тұрғыда әсер етеді.
  1. Мәтінді өз сөзімен әңгімелеу
  • Оқушы оқығанын өз сөзімен айтып үйренсе, түсінгені бекемделеді.
  • Шығармашылық қабілеті дамиды.
  1. Салыстыру және бағалау
  • Екі кейіпкерді, екі оқиғаны немесе екі түрлі шешімді салыстырып, артық-кем тұстарын бағалау.

Өз пікірлеріңізді ,ұсыныстарыңызды қалдырыңыздар!