Нұрдәулет Ақыш «Нағыз әже қайда?»

Оқу сауаттылығы – білім берудің басты бағыттарының бірі. Қазіргі таңда оқушылардың мәтінді түсініп қана қоймай, оған қатысты өз пікірін білдіру, мәтін мазмұнын өмірлік жағдайлармен байланыстыра білу қабілеті маңызды. «Нағыз әже қайда?» әңгімесін оқу барысында оқушылар мәтіннің мазмұнын түсініп, негізгі кейіпкерлердің бейнесін ашып, оларды өмірдегі тұлғалармен салыстыра отырып талдайды. Бұл үдеріс оқушылардың сыни ойлауын, мәтінге деген эмоционалды және логикалық қатынасын дамытып, оқу сауаттылығын арттырады.