Заманауи басқару құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған кәсіби қадам.
Бүгін педагогикалық қауым үшін маңызды тақырып – «Білім берудегі менеджмент» біліктілікті арттыру курсы өз жұмысын бастады. Курс білім беру ұйымдарының басшылары мен басқарушы кадрларына арналған және қазіргі заман талаптарына сай тиімді басқару дағдыларын қалыптастыруды көздейді.
Курстың мақсаты – білім беру мекемелеріндегі басқару жүйесін жетілдіру, стратегиялық жоспарлау, көшбасшылық, тиімді шешім қабылдау, педагогикалық ұжымды басқару, өзгерістерді басқару сынды негізгі бағыттар бойынша тыңдаушылардың кәсіби құзыреттіліктерін арттыру.
Курс ерекшеліктері:
- Оқу үдерісі интерактивті тренингтер, кейс-тапсырмалар, жобалық жұмыстар және топтық талқылаулар арқылы ұйымдастырылуда;
- Қатысушылар Генри Минцбергтің басқару теориясы, Врум-Йеттон шешім қабылдау моделі, заманауи стратегиялық менеджмент құралдары негізінде тәжірибе жинақтайды;
- Курсты тәжірибелі тренерлер, білім беру саласының сарапшылары жүргізеді.
Тыңдаушылар не үйренеді:
- Басқарудың стратегиялық және операциялық деңгейлерін үйлестіру;
- Мектепішілік құжаттамаларды басқару;
- Командалық жұмысты ұйымдастыру;
- Өзгерістерді басқарудағы тиімді тәсілдерді қолдану;
- Қиын жағдайларда шешім қабылдау алгоритмдерін игеру.
13 лайков
“Білім берудегі менеджмент” тақырыбындағы курс керемет өтіп жатыр. Басқару процесін және ұжыммен жұмыс жасауды үйреніп жатырмыз. Тәжірибе алмасып жатырмыз.
13 лайков
Білім берудегі менеджмент курсын алғаш рет оқып жатырмын. 1 ші күннен бастап өте ауқыды тақырыптарды біліп, осы тақырыптар арқылы әртүрлі тәжірибе жұмыстарын жүргіздік.
12 лайков
«Білім берудегі менеджмент» курсы керемет өтіп жатыр. Тренер Болатбек ағай өте сабырлы,жайлы кісі екен. Тыңдаушыларға керемет көңіл күй сыйлап,жақсы түсіндіреді. Тренерімізге рақмет.
12 лайков
Білім берудегі менеджмент- курсы керемет өтіп жатыр. Тренер Болатбек ағай өте сабырлы,жайлы кісі екен. Тыңдаушыларға керемет көңіл күй сыйлап,жақсы түсіндіреді. Тренерімізге рақмет.https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSeAIVzK3nd4VPkNSYTRkD5fVxOUqfG2wR1TAh8k0wYrKQ24CA/viewform?usp=dialog
12 лайков
Болатбек Толқынбекұлы өте жайлы, ұстамды, сабақ басын әдемі көңіл күймен бастайды. Іш пыстырмайды, керемет сабақ өтуде, алғысым шексіз
12 лайков
Болатбек Толқынбекұлы керемет курс жүргізуде. Нақты, тиянақты жауапты да алып отырмыз. Ағай сияқты тренерлердің курстары көп болса. Толқынбекұлына жұмысына сәттілік, алғысымыз шексіз
13 лайков
Болатбек Толқынбекұлы жүргізген көшбасшылық курсы мен үшін өте мазмұнды әрі пайдалы білім. Ең бастысы – «Нағыз көшбасшы өзгелерге жол сілтейді, өзі де үйренуден жалықпайды» деген ойды бойыма сіңірдім.
Сіздің сабырлы, байсалды стиліңіз, тәжірибеге негізделген мысалдарыңыз курсқа деген қызығушылығымды арттырды. Әр сабақта мотивация беріп отырғаныңыз үшін сізге рахмет.
13 лайков
Курстан қажетті көптеген мәліметтер үйреніп жатырмын. Әлі де көптеген мәліметтер үйренеміз деген ойдамын.
7 лайков
Білім берудегі менеджмент курсы барысында алып жатқан білім өте керемет. Тренеріміз өте жақсы оқыту жұмысын жүргізіп жатыр
6 лайков
Курс барысында білім беру саласындағы басқару ұғымының мәнін, мақсаттарын және функцияларын терең түсіндім. Менеджменттің жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация және бақылау сияқты негізгі қызметтерімен таныстым.
4 лайка
Курс керемет өтіп жатыр. Маслоудың қажеттілік пирамидасымен жұмыс жасадық. Әрбір қажеттіліктің маңыздылығы қажет.
5 лайков
Тиімді көшбасшылық пен стратегиялық басқарудың маңызын, оқу орнындағы әкімшілік пен педагогикалық ұжым арасындағы қарым-қатынасты дұрыс ұйымдастыру жолдарын үйрендім.
5 лайков
“Білім берудегі менеджмент” курсы бойынша алғаш рет оқып жатырмын. Курс бірінші күнінен-ақ жағымды басталды.Тренеріміз Булатбек Толқынбекұлы әр күні өтіліп жатқан тақырыптарға байланысты тапсырмалар беріп, топтық та, жекелей де орындадық. Жалпы курста өзіме қажет болатын мәліметтермен танысудамын.
4 лайка
«Мектепті тиімді басқарудың құпиясы» курсы маған білім беру ұйымын басқаруда жаңа көзқарас пен нақты әдістемелік құралдар ұсынды. Курстың мазмұны терең әрі тәжірибеге бағытталған. Заманауи басқару стратегиялары, командамен жұмыс істеу, мотивация мен көшбасшылық туралы мәліметтер өте пайдалы болды.
Әсіресе, басқаруда кездесетін қиындықтарды шешу жолдары мен кәсіби даму бағыттары туралы бөлімдер ерекше ұнады.
3 лайка
Мектепті тиімді басқарудың құпиясы-сапалы менеджментте тақырыбымен өткізілген сабақтан үйренгіміз көп болды.
Canva программасымен мектептің стратегиялық даму жоспарын жасадық. Топтық жұмыстары арқылы тақырыпты қорытындылап, кері байланыс жасадық.
Курстағы керекті ақпараттармен қоржынымды толықтырдым.
2 лайка