Мектепке дейінгі жастағы балалардың рухани-адамгершілік құндылықтарын дамытудағы қазақ ертегі-аңыздарының маңызы

Рухани-адамгершілік білім беру - жас ұрпақтың бойына өмірдің мәні,сүйіспеншілік, сыйластық, татулық, бірлік, жауапкершілік,әділеттілік сынды құндылықтарды дарыту арқылы тәрбиелеу болып табылады. Осы құндылықтарды ертегі-аңыздарға сүйене отырып, балалар санасына жеткізу -болашағымыздың кілті.