"Бастауыш мектептермен сабақтастықты және тиімді өзара әрекеттесуді қамтамасыз ету үшін мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары мен педагогтерін кәсіби дамыту» атты екі апталық курс өтті. курс жоғары деңгейде өтті. Курс жетекшісі Агима Абиловнаға көп рахмет
«Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталығында өткен «Бастауыш мектептермен сабақтастықты және тиімді өзара әрекеттесуді қамтамасыз ету үшін мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары мен педагогтерін кәсіби дамыту» тақырыбындағы курстан алған әсерім ерекше.
Курс барысында мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш білім арасындағы байланыс жайлы терең мағлұмат алып, білім берудің үздіксіздігі мен бірізділігін қамтамасыз етудің тиімді жолдарын меңгердік. Әрбір тақырып тәжірибелік бағытта құрылып, педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыруға үлкен ықпал етті.
Курс жетекшісі Махамбетова Агима Абиловнаға ерекше алғысымды білдіремін. Ол кісінің кәсібилігі, әдістемелік шеберлігі және әр тыңдаушыға жеке көңіл бөлуі курсты мазмұнды әрі нәтижелі етті.
Осындай біліммен, тәжірибемен бөлісетін құнды курстардың алдағы уақытта да жалғасын табуын тілеймін.
