Инновация мен тәжірибе тоғысқан сабақ!

2025 жылдың 19 мамырында Ақтау қаласының №1 жалпы білім беретін мектебінде “SMART сыныптағы мұғалімнің рөлі. Мұғалім рөлінің өзгеруі: тәлімгер, фасилитатор, зерттеуші. SMART оқыту жағдайында сыныпты басқару. Функционалдық сауаттылық дағдыларын дамыту үшін заманауи технологиялар мен инновациялық оқыту әдістерін қолдану” тақырыбында көшпелі тәжірибелік сабақ өтті.

Көшпелі тәжірибелік сабақ барысында қатысушыларға заманауи технологияларды қолдана отырып, функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған түрлі әдіс-тәсілдерге негізделген іс-тәжірибелер ұсынылды.

Аталған шара заманауи білім беру жүйесіндегі мұғалім рөлінің трансформациясын, SMART технологияларды тиімді қолдану арқылы оқу-тәрбие процесін басқарудың жаңа тәсілдерін, сондай-ақ оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру жолдарын тәжірибе жүзінде көрсету мақсатында ұйымдастырылды.

Көшпелі тәжірибелік сабақ барысында мұғалімнің тек білім беруші ғана емес, сонымен қатар тәлімгер, фасилитатор және зерттеуші ретіндегі қызметтері кеңінен талданып, практикалық мысалдар арқылы нақтыланды. SMART сыныпта оқу процесін ұйымдастыруда мұғалімнің оқу кеңістігін тиімді басқаруы, оқушылардың жеке қабілеттерін ескеріп, олардың танымдық белсенділігін арттыруы басты назарда болды.

Сабақ барысында қолданылған заманауи технологиялар – интерактивті SMART тақта, цифрлық білім ресурстары, онлайн платформалар – оқытудың тиімділігін арттырып қана қоймай, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын оятып, білім алу үрдісіне белсенді қатысуына жол ашты. Сонымен қатар, оқытудың инновациялық әдістері – жобалық жұмыстар, топтық тапсырмалар, рефлексия және кері байланыс құралдары арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлау, шығармашылық және коммуникативтік қабілеттерін дамытуға басымдық берілді.

Аталған іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне мектеп әкімшілігі мен ұстаздар қауымы үлкен жауапкершілікпен қарап, ұйымдастырушылық жұмысты жүйелі түрде жүзеге асырды. Мектеп директоры мен оқу-әдістемелік бірлестіктер жетекшілері тәжірибелік сабақтың мазмұнды әрі нәтижелі өтуіне бар күш-жігерін салды. Әрбір ұстаз өз тәжірибесімен бөлісіп, кәсіби шеберлігін көрсетіп қана қоймай, білім беру процесін жетілдіруге бағытталған ұсыныстар мен ой-пікірлерімен бөлісті.

Шара соңында қатысушылар арасында пікір алмасу өткізіліп, мұндай тәжірибелік сабақтардың педагогтардың кәсіби дамуына, білім беру сапасын арттыруға зор үлес қосатыны айтылды. Бұл тәжірибе – SMART оқыту жағдайындағы жаңа форматтағы сабақтар арқылы білім беру мазмұнын жаңғырту жолындағы маңызды қадамдардың бірі болды.

Алдағы уақытта да осындай мазмұнды кездесулер мен тәжірибе алмасу алаңдарының жиі өткізілуі – жаңартылған білім беру жүйесіне бейімделген кәсіби мұғалімдер қауымын қалыптастыруға ықпал ететіні сөзсіз.

6 лайков

Көшпелі тәжірибелік сабақ өте жоғары деңгейде ұйымдастырылып, әсерлі өтті.
Теориялық білім мен практикалық тәжірибе ұштасып, қатысушылар үшін мазмұнды әрі пайдалы болды. Сабақ барысында заманауи әдіс-тәсілдер қолданылып, әріптестерімізбен тәжірибе алмасуға мол мүмкіндік туды.
Осындай кәсіби дамуға серпін беретін іс-шаралар жиі ұйымдастырылып тұрса, ұстаздардың шеберлігі мен ынтасы арта түсетіні сөзсіз.

1 лайк

Көшпелі тәжірбиелік сабақ өте жоғарғы деңгейде өтті. Өзімізге керекті көптеген мәлімет алдық. Білікті ұстаздар мен жас мамандарда өз іс-тәжірбиесімен бөлісе білді!

1 лайк

Көшпелі тәжірибелі сабақ өте мазмұнды және қызықты өтті. Сабақ барысында заманауи әдіс-тәсілдер қолданылып, әріптестерімізбен тәжірибе алмасуға мол мүмкіндік туды. Жалпы мұғалімдердің ұйымдастыру шеберлігі мен әдістемелік тәсілдері жоғары деңгейде болды.

1 лайк

Теорияны практикамен ұштастырған жоғары деңгейдегі семинар болды.

2 лайка

Көшпелі тәжірибелік сабақ заманауи білім беру талаптарына сай ұйымдастырылып, мұғалімдердің кәсіби рөлінің кеңейгенін, SMART технологияларды тиімді қолдану арқылы оқыту үдерісін жаңаша басқаруға болатынын көрсетті.

1 лайк

Өрлеу БАҰО курста жүрген әріптестерімізбен бірге N-1орта мектепте өткен көшпелі тәжірибелік сабақ жоғары деңгейде өтті! Жұмыстарыңызға табыс, береке, жетістік тілеймін!

1 лайк