Қазіргі білім беру жүйесінде инклюзивті білім — ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға тең білім алу мүмкіндігін қамтамасыз ететін маңызды бағыттардың бірі. Бұл бағытты тиімді жүзеге асыру үшін педагогтердің кәсіби құзыреттері шешуші рөл атқаратынын білдім. Сондықтан инклюзивті білім беруді іске асыратын мұғалімдердің базалық құзыреттерін қалыптастыру – заман талабына сай өзекті мәселе.
Ең алдымен, мұғалім инклюзивті білім беру қағидаларын, құқықтық-нормативтік негіздерін, ерекше білім қажеттіліктері бар оқушылардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін білуі тиіс. Сонымен қатар, әртүрлі оқушылардың қажеттіліктеріне бейімделе алатын оқыту стратегияларын қолдана білуі қажет.
Педагогтің маңызды құзыреттеріне кәсіби-теориялық білім беру, инклюзивті оқытудың мазмұнын түсіну, бейімделген әдістер мен тәсілдерді меңгеру, ата-аналармен, әріптестермен және оқушылармен тиімді қарым-қатынас орната білу, эмоционалды тұрақтылық пен төзімділік – әртүрлі мінез-құлықтағы оқушылармен жұмыс істеуге дайын болу жататынын білдім.
Қорытындылай келе, инклюзивті білім беруді сәтті жүзеге асыру педагогтің жан-жақты даярлығына тікелей байланысты. Арнайы курстар, практикалық тренингтер және әдістемелік қолдау қажет. Тек осындай кешенді жұмыс нәтижесінде білім беру жүйесінде шынайы инклюзияны қамтамасыз етуге болады.