"Информатика оқу пәні бойынша жобалық іс-әрекет" Группа-21P5U1

1 лайк

Курс жақсы өтті, Курстан үйренгеніміз көп болды. Өте пайдалы құнды мәліметтер мен әдістерді алдық, үйрендік. Жетекшіміз Жанар Алибековнаға рақмет!

1 лайк

3 топ «IT әлемі» тақырыбында сайт құру жобасын жүзеге асырдық. Жоба аясында сайт екі түрлі форматта жасалды: біріншісі – HTML бағдарламалау тілінде, екіншісі – Canva платформасындағы жасанды интеллект құралын пайдалану арқылы.

Жобаны жүзеге асыру келесі кезеңдер бойынша жүргізілді:

  1. Жобаны жоспарлау: тақырып таңдалып, мақсаттар мен міндеттер анықталды;
  2. Ақпарат жинау және құрылымдау: IT саласына қатысты бөлімдер мен мазмұн дайындалды;
  3. Сайтты техникалық тұрғыда құру: HTML-код арқылы толық сайт жасалды;
  4. Альтернативті визуалды нұсқасын жасау: Canva платформасында AI көмегімен плакат түрінде сайт үлгісі әзірленді;
  5. Мазмұнды толықтыру: сайттың ішкі беттері жаңалықтар, IT тұлғалары, бағдарламалау, тесттер және кері байланыс сияқты бөлімдермен толықтырылды;
  6. Қорғау және таныстыру: жоба нәтижесі әріптестер алдында сәтті қорғалды.
    Жобаның нәтижесінде «IT әлемі» атты танымдық сайт дайындалып, желілік қауымдастықпен бөлісуге ұсынылды.

https://italem.my.canva.site/dagpsxu-f-g

1 лайк

1.2 Жобаның мақсаты мен міндеттері

Мақсаты: Қолданушыға ыңғайлы, отандық өнімдер мен қызметтерді ұсынатын онлайн магазин қосымшасын жасау.

Міндеттері:

  • Онлайн магазин құрылымын зерттеу
  • Қосымшаның негізгі функцияларын анықтау
  • Тауарлар базасын жасау
  • Тапсырыс беру және төлем жүйесін енгізу
  • Прототипін жобалау

1.3 Жұмыс жоспары

  • Тақырыпты таңдау, жоспарлау
  • Ақпарат жинау, талдау
  • Қосымшаны жобалау және жасау
  • Тестілеу, нәтижелерді талдау
  • Презентация және қорытынды

3. Жобаны жүзеге асыру

Қосымшаның негізгі кезеңдері:

  • Интерфейс дизайнын жасау
  • Тауарлар базасын енгізу
  • Тапсырыс және төлем функцияларын енгізу
  • Қолданушы тіркеу мен кіру жүйесін орнату

Командалық жұмыс келесідей бөлінді:
Жасыұзақ Нұрбек – Бағдарламашы (frontend және backend логикасы)
Бейсембай Ақбота – Дизайнер (интерфейс пен эстетика)
Метербай Айғаным – Аналитик (деректер жинау, зерттеу)
Жанбауова Ақбаян – Жоба жетекшісі (ұйымдастыру, үйлестіру)

1 лайк

РОБОТОТЕХНИКАЛЫҚ ЖОБА ЖОСПАРЫ. Тақырып: “СМАРТ ҮЙ”
Жоба: “Автоматты автотұрақ”

  1. Жобаның мақсаты: Автотұрақ аймағына кіретін және шығатын көліктерді автоматты түрде анықтап, орынның бос немесе бос еместігін көрсететін жүйе құрастыру.
  2. Автотұрақтағы көліктердің кіріп-шығуын тіркеу.
    • Автотұрақтағы бос орындар санын автоматты түрде көрсету.
    • Кіреберісте шлагбаумды автоматты түрде ашу/жабу.
    • Сенсорлар арқылы көлік қозғалысын анықтау.
  3. Күтілетін нәтиже:
    • Автотұрақ жүйесі көлікті анықтап, шлагбаумды автоматты ашады.
    • LCD дисплей бос орын санын көрсетеді.
    • Жоба нақты жұмыс істейтін демонстрация түрінде болады.

2 лайка


ЖОБА АТАУЫ: ЭКОРОБОТ:leaves::robot:
Тұрмыстық қалдықтарды автоматты түрде сұрыптайтын интеллектуалды жүйе

  1. КІРІСПЕ
    Бүгінгі таңда қалдықтарды сұрыптау – экологиялық қауіпсіздік пен қайта өңдеу саласында маңызды мәселе. Қатты тұрмыстық қалдықтарды (пластик, қағаз, металл) қолмен сұрыптау – уақытты көп алады және адам еңбегін қажет етеді. Осы мәселені шешу үшін біз EV3 негізінде “ЭкоРобот” жасап шығардық.

  2. ЗЕРТТЕУ МАҚСАТЫ:
    Робот арқылы түсті қалдықтарды анықтап, оларды сұрыптау механизмін жасау.
    Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған.

Жоба авторлары:
Рамазанова Әсия №156 ЖББМ - Педагог
Абдураимова Гульжаркын №136 Школа-гимназия - Педагог
Ұлықпан Бекзат №42 ЖББМ - Педагог
Тұрсын Ернар №163 мектеп-гимназия - Педагог
Тілеуберген Дінмұхамед №131 мектеп-лицей - Педагог