“Инфоматика оқу пәні бойынша жобалық іс-әрекет” курсы 16-27.06.2025

Құрметті Айнұр Тынышбековна!
Сіз өткізген «Информатика оқу пәні бойынша жобалық іс-әрекет» тақырыбындағы курс — кәсіби дамуымызға зор серпін берді. 16-27 маусым аралығындағы дәрістер мен тәжірибелік жұмыстар барысында информатика пәнін жобалық әдіс арқылы тиімді үйретудің жолдарын терең меңгердік. Сіздің кәсіби шеберлігіңіз, әдістемелік бағыт-бағдарыңыз бен тың идеяларыңыз біз үшін аса құнды болды.

Сабақтарыңыз мазмұнды, өзара тәжірибе алмасуға ашық, теория мен практиканы ұштастыра алатын форматта ұйымдастырылды. Әр қатысушының пікіріне құрметпен қарап, қолдау көрсеткеніңіз үшін ерекше алғыс білдіреміз.

Сізге шығармашылық табыс, денсаулық және кәсіби биіктер тілеймін!
Ізгі ниетпен, Смагулова Альфия Болатовна❤️

3 лайка