Саналы, өскелең ұрпақ тәрбиелеу-әрбір тәрбиешінің міндеті. Баланың ой-өрісін дамытуға, олардың қиялына қанат бітіріп, тіл байлықтарының молаюына балабақша тәрбиешілерінің сіңірер еңбегі орасан зор.Бала тәрбиесі отбасынан бастау алды десек те, ғылымға негізделген әдіс – тәсілмен берілетін тәлім – тәрбие ісі көбінесе балабақшадан басталып, жан –жақты педагогикалық өрісін табады. Әсіресе балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы ізгілікті әсер етіп, мағынасы өшпейтін із қалдырады.
Балабақша жасындағы балаларды жан-жақты дамыту кезінде ертегінің алатын ролі өте зор. Ертегі – қай халықтың фольклорында да ертеден келе жатқан көне жанрлардың бірі. Ол ұрпақтан-ұрпаққа тараған мол мұра. Ертегіден халқымыздың ертеңге деген сенімі, арман тілегін, қиялын, даналығын, ғасырлық өмір тәжірибесін көреміз. Ертегінің қай түрін алсақ та ол баланың ой қиялын ұштайды. Мінез-құлқын, ерік-жігерін, сөйлеу қабілетін, тілін дамытып, сөздік қорын қалыптастырады.