13.06.2025 жылдын бастап "Бастауыш мектептермен сабақтастықты және тиімді өзара әрекеттесуді қамтамасыз ету үшін мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары мен педагогтерін кәсіби дамыту» тақырыбында Алматы қаласының құзыреттілік орталықтарының әдіскерлері мен тәрбиешілеріне арналған курс басталды. Бұл курста біз өте үлкен тәжірбие жинадық. Бастауыш мектептермен сабақтастық тақырыбын аша түстік, мектепке дейінгі ұйымға осы сабақтастықтық неге керек екенің, оның негізгі мақсатын жоғары дәрежеде түсіндік. Өрлеу БАҰО АҚ Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институтының Қоғамдық гуманитарлық бағыттағы кафедра меңгерушісі курс жетекшісі Маханбетова Агима Абиловна бірінші күннен-ақ сабақтастықтың бар қыр сырын ашып берді
. Курстың бағдарламасы заманға сай Өрлеу порталында жұмыс жасағаны көңілге қонды.
Курстың бағдарламасы да, уақыты да өте қолайлы болды. Өрлеу БАҰО АҚ Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институтына алғысымыз шексіз.Курстан алған білімімізді міндетті түрде тәжірбиемізге қолданамыз. Рахмет!