Агима Абиловнанын қолдауы мен бағыт-бағдары арқасында бастауыш сыныппен сабақтастықты қамтамасыз етудің маңыздылығын, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйым мен мектеп арасындағы тиімді байланысты қалыптастыру жолдарын тереңірек түсіндім.
Осындай пайдалы және мазмұнды курсты жүргізген тьюторға үлкен алғысымды білдіремін! Болашақта да осындай кәсіби даму мүмкіндіктерінің жалғасын табатынына сенемін.
«Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталығында өткен «Бастауыш мектептермен сабақтастықты және тиімді өзара әрекеттесуді қамтамасыз ету үшін мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары мен педагогтерін кәсіби дамыту» тақырыбындағы курстан алған әсерім ерекше.
Курс барысында мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш білім арасындағы байланыс жайлы терең мағлұмат алып, білім берудің үздіксіздігі мен бірізділігін қамтамасыз етудің тиімді жолдарын меңгердік. Әрбір тақырып тәжірибелік бағытта құрылып, педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыруға үлкен ықпал етті.
Курс жетекшісі Махамбетова Агима Абиловнаға ерекше алғысымды білдіремін. Ол кісінің кәсібилігі, әдістемелік шеберлігі және әр тыңдаушыға жеке көңіл бөлуі курсты мазмұнды әрі нәтижелі етті.
Осындай біліммен, тәжірибемен бөлісетін құнды курстардың алдағы уақытта да жалғасын табуын тілеймін.
"Бастауыш мектептермен сабақтастықты және тиімді өзара әрекеттесуді қамтамасыз ету үшін мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары мен педагогтерін кәсіби дамыту» мақсатында әріптестерімен пайдалы тәжірибелерді алмасып, ой бөлісу мумкіндіктерін алдым. Агима Абиловна бәрімізге тақырып бойынша жоғары дәрежеде тәлім берді. Осындай курстар жиі болғаны педагогтер үшін өте пайдалы деп санаймын. Агима Абиловнаға көп рахмет