Бастауыш білім берудегі тиімді оқыту

Әріптестер, оқушылардың білім алу дағдыларын жетілдірудегі белсенді әдіс-тәсілдеріңізбен бөліссеңіздер…

“Ойлан -жұптас-бөліс” әдіс-тәсілі арқылы балаларды бірігіп жұмыс жасауға ,ынтымақтыққа,ақылдасуға,бір-біріне көмек беруге,бір-бірін сыйлауға тәрбиелейді

Дидактикалық ойындар.Бұл әдіс оқушылардың білімін ойын түрінде тексеруге мүмкіндік береді.Ойындар арқылы оқушылардың белсендігі артады,әрі уйренген тақырыптар көңілді әрі оңай меңгеріледі.

Леанинг аппс платформасы білім беруді жеңілдету және интерактивті оқу құралдарын ұсыну.
Ворд волл платформасы - білім беру процесін қызықты, қолжетімді және тиімді етуге арналған

Wordwall, ой қозғау, кубизм әдістері кез келген пәннен сұрақ-жауап алу арқылы қолдансақ болады.

Әріптерден сөз құрастыру, кім жылдам, рөлдік ойын ( дүкенші, дәрігер, мұғалім мен оқушы)
Топтық жұмыс ұсынамын олар бір-бірімен ақылдасып, ойласып жұмыс жасағанда қызығушылығы, белсенділігі артады.
Жоба жасауда да баланың белсенділігі қызығушылығы артады. Мысалы "Менің отбасым,“Менің сыныбым” Табиғатты аяла "т.б

"Ойлан -Жұптас-Бөліс "-оқушылар алдымен өз ойларын жинақтайды , жұптасып талқылайды , кейін топ алдында бөліседі

Мен сабағымда,қазақ тілі сабағында әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданамын.Мысалы,гуглға жаз әдісі гуглдың логотипымен жазылған тапсырма беріледі.Балалар қызыға жазады.

Фишбоум әдісі берілген мәтіндегі проблеманы анықтайды (балықтың басы), мәтіннен дәлелдер келтіреді(балықтың қаңқасы), шешімін табады (балықтың құйрығы)

СТО стратегиялары, интерактивті ойындар, ұлттық ойындарды пайдаланамын. Мыс, асықтарға сұрақтар қыстырып “Ханталапай” ойыны арқылы сұрақтарға жауап аламын.

Сабақ барысында қолданылатын әдіс-тәсілдер оқушылардың белсенділігін арттырып, оқу материалын тиімді меңгеруге көмектеседі. Сондықтан әдіс-тәсілдерді сабақтың мақсатына, мазмұнына, оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты таңдаймын… Мысалы:«Жигсо» әдісі (Топтық жұмыс). Оқушылардың бір-біріне үйрету арқылы білім алуына жағдай жасаймын.
«Ойлан – Жұптас – Бөліс» әдісі. Оқушылардың бірлесіп ойлау және талдау қабілетін арттыру үшін қолданамын.

“Оқырман және жазушы” әдісі жұптық жұмыста қолданылады.Оқырман оқушы өрнекті немесе сөйлемді оқиды, ал жазушы рөліндегі оқушы өрнекті жазып,мәнін табады немесе сөйлемді талдайды .

“Сыни ойлау” әдісі
Әртүрлі пікірлерді талқылау ,сұрақ қою арқылы ойлау қабілетін дамыту.Бұл әдіс оқушыларды талдауға салыстыруға үйретеді.

Ой қозғау әдісі:
Оқушыларға тақырып бойынша сұрақ қойып, олардың ойын еркін жеткізуге мүмкіндік беру.Бұл әдіс сыни ойлауды дамытады.

Топтық жұмыс әдісі: Оқушыларды топқа бөліп, бірдей тапсырманы орындап, нәтижесін бірге талқылайды.
Мысалы: Топтарға бөліп “Дара және күрделі зат есімдер” тақырыбын бөліп беріп, әр топ өз жұмыстарын қорғайды.

Блумм ток-сы,Суреттер сөйлейді,поэма әдісі т.сс.
Бұл әдістің тиімділігі топтасып, жұптасып жұмыс істегенге қолайлы

Сабақ барысында қолданылатын әдіс-тәсілдер оқушылардың белсенділігін арттырып, оқу материалын тиімді меңгеруге көмектеседі. Сондықтан әдіс-тәсілдерді сабақтың мақсатына, мазмұнына, оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты таңдаймын"Ойлан,жұптас,бөліс" әдіс тәсілі-оқушылардың белсенділігін арттыру және олардың ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған педагогикалық әдіс

"Алфавит"әдісі
Оқушылар әрқайсысы алфавиттің бір-бір әріпін алып, жыл көлемінде оқыған материалдарынан өздеріне түскен әріпке сәйкес тақырыптарды айтып шығады. Мысалы:“Қаратпа сөз, қыстырма сөз, қарсылықты салалас, қарсылықты сабақтас т.с.с.”
Қорытынды сабақтарда, емтиханға дайындықта, есте сақтауын дамытуда көмекке келеді.

Миға шабуыл әдісі жаңа идеяларды жинақтауға, шығармашылық ойлау дағдыларын дамыту. Бұл әдіс жаңа тақырыпты ашар алдында немесе белгілі бір мәселелерді талқылауға қолдануға тиімді.

Бейне саяхат әдісі- балалар көру арқылы қабылдаған ақпаратты есте жақсы сақтап қалады.