Балабақшадан мектепке: табысты бастамаға апарар сабақтастық қандай болуы керек?

Бүгінгі таңда мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың (МДТО) бастауыш біліммен (ББ) сабақтастығын қамтамасыз ету – білім берудің үздіксіздігін нығайтудағы маңызды стратегиялық міндеттердің бірі. Бұл үрдіс балалардың білім алу траекториясын бірізді, жүйелі қалыптастыруға және жаңа ортаға бейімделуін жеңілдетуге бағытталған. Осы орайда МДҰ педагогтері мен басшыларының кәсіби құзыреттері шешуші рөл атқарады.

Сабақтастық пен өзара әрекеттесудің маңыздылығы
МДТО мен ББ арасындағы тиімді сабақтастық балалардың әлеуметтік, эмоционалдық, когнитивтік және тілдік дамуын үйлесімді жалғастыруға жағдай жасайды. Бір-бірімен байланысқан бағдарламалар, әдістемелер мен педагогикалық тәсілдер оқушының жаңа ортаға көшу кезінде стрессті азайтып, білім сапасын арттыруға ықпал етеді. Бұл ретте тәрбиеші мен мұғалімнің, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйым басшысы мен мектеп әкімшілігінің бірлескен әрекеті аса маңызды.

Қажетті кәсіби құзыреттер
МДҰ педагогтері мен басшыларының сабақтастықты қамтамасыз етудегі рөлін тиімді жүзеге асыру үшін төмендегідей құзыреттер қажет:

Педагогикалық-әдістемелік құзыреттер

МДТО және ББ мазмұны мен оқу бағдарламаларындағы жалғастықты түсіну;

Оқыту мен тәрбиелеуде заманауи әдіс-тәсілдерді қолдана білу;

Баланың мектепке даярлығын объективті бағалау және қолдау.

Коммуникативтік құзыреттер

Бастауыш сынып мұғалімдерімен, ата-аналармен және мамандармен тиімді қарым-қатынас орнату;

Баланың әлеуметтенуін қамтамасыз ететін тиімді орта қалыптастыру.

Басқарушылық және ұйымдастырушылық құзыреттер (басшылар үшін)

МДҰ мен мектеп арасындағы институционалдық ынтымақтастықты ұйымдастыру;

Бірлескен әдістемелік шаралар мен кәсіби қауымдастық жұмыстарын үйлестіру.

Цифрлық құзыреттер

Электрондық платформалар мен цифрлық құралдарды сабақтастықты нығайту мақсатында тиімді пайдалану.

Рефлексивтік құзыреттер

Өзін-өзі дамыту мен үздіксіз кәсіби өсуге ұмтылу;

Өзінің педагогикалық тәжірибесіне сараптама жасау және оны жетілдіру.

Іске асыру жолдары
МДҰ педагогтері мен басшыларында аталған құзыреттерді дамыту үшін келесі әрекеттер ұсынылады:

Бастауыш мектеп педагогтерімен бірлескен кәсіби қауымдастық құру;

МДҰ мен мектеп арасында жүйелі ашық сабақтар, дөңгелек үстелдер, әдістемелік семинарлар өткізу;

Бірлескен оқу-әдістемелік жобаларды жоспарлау және іске асыру;

Ұлттық кәсіби стандарттарға сәйкес курстық және посткурстық қолдау бағдарламаларын ұйымдастыру.

Қорыта айтсақ, МДТО мен ББ арасындағы сабақтастық – баланың табысты оқуы мен дамуының кепілі. Бұл үдерістің тиімділігі педагог пен басшының кәсіби құзыреттілігіне тікелей байланысты. Сондықтан білім беру жүйесінің барлық деңгейінде осы құзыреттерді мақсатты түрде қалыптастырып, қолдау тетіктерін енгізу – өзекті мәселе болып табылады. Болашақ буынның сапалы білім алуы мен үйлесімді дамуы үшін МДҰ мен мектептің өзара әрекеттестігі үздіксіз, жүйелі және саналы түрде ұйымдастырылуы тиіс.

10 лайков

Өте керемет курс болды

1 лайк

Мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне арналған курстың алғашқы күні өте мазмұнды өтті. Балабақшадан мектепке балалардың табысты өтуіне педагог құзыреттілігінің маңыздылығын түсіндім. Осы бағытта жұмыс жасау бойынша ұжымға түсіндіремін. Мақсат қою арқылы жоспарлы түрде жүзеге асыруды қолға алу керек.

1 лайк

Курстың бүгін алғашқы күні өте жақсы өтті. барлығымызға сәттілік.

1 лайк

Курстың алғашқы күні жоғарғы деңгейде өтті

1 лайк

курс өте жақсы деңгейде өтіп жатыр. ағайға рахметімізді айтамыз бар білгенін біздің бойымызға сіңіріп жатқаныңыз үшін…

1 лайк

Бугінгі курстан тусінбей журген көптеген мәселер айтылды. Өте тамаша сабак өтті. Булатбек Толкынбекұлына рахмет.

Курс керемет, өте қызықты өтіп жатыр. Болатбек ағайға рахмет.