Бағалау философиясы: Блум таксономиясына негізделген оқу мақсаттарының категориялары

Оқушылардың сыни ойлау дағдыларын дамыту үшін Блум таксономиясы негізінде сұрақтар мен тапсырмалар құрастырады. Блум таксономиясы негізінде «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша дамытушы тапсырмаларды құрастырады. Блум таксономиясы негізінде дайындалған тапсырмаларды құрастыру үшін арнайы кестемен жұмыс жасайды.
Білу
Таным мен ойлаудың де төмен деңгейі. Бұл категория мәлiметтердi қайталау немесе тану арқылы есте қалай сақталғанын тексеруге бағытталады, мағлұмат пен деректердi еске түсiредi.

  • Қолданылған терминдерді біледі (есте сақтайды және қайталайды);
  • Нақты фактілерді біледі;
  • Жұмыстың орындалу ретін біледі,
  • Негізгі ұғымдарды біледі;
  • Ережелерді, қағидаларды біледі.
    Ережелерді, теорияларды формуларды еске түсіру, жазу, атап көрсету, жатқа айту; анықтамалар мен атауларды қайталау, олардың қолдану тәртiбiн айту.
  • Зат есім деген не?
  • Етістік деген не?
    Түсіну
    Таным мен ойлаудың орта деңгейі.
    Негізгі идеяларды ұйымдастыру, салыстыру, түсіндіру, сипаттау және бекіту жолымен фактілермен идеяларды түсінетіндегін көрсету:
    Оқу материалын түсінген ретінде келесідей әрекеттерді атқаруды атауға болады:
    Аударма жасау /трансляция/ – оқу материалын бір «тілден» екінші «тілге» ауыстыру (мысалы, сөзбен келтірілген мәліметті кесте, схемамен көрсету, т.б.);
    Интерпретация – оқу материалын «өз сөзімен» түсіндіру, қысқаша баяндау;
    Экстраполяция-/ Жорамалдау/ Құбылыстың бір бөлігіне қатысты түйіндерді оның екінші бөлігіне тарқату;
  • оқу материалдары бойынша әңгіменің әрі қарай не туралы болатындығын, оның салдары мен нәтижелерін болжау.
  • Фактілерді, ережелерді, қағидаларды түсінеді;
  • Сөзбен келтірілген материалды, схемалар, графиктер, диаграммаларды түрлендіреді;
  • Сөзбен келтірілген материалды математикалық ұғымдарға өзгертеді;
  • Берілген ақпарат бойынша болашақта туындалуы ықтимал салдарын сипаттайды.
    Сөйлемді аяқтаңыз; сөйлемді өзгертіңіз; өзара байланысын түсіндіріңіз; айырмашылығын көрсетініз; өз сөзіңізбен айтыңыз; графикті, суретті түсіндіріп беріңіз.
  • Зат есім етістікті саластыр
  • Түсiнгенiңiздi өз сөзiңiзбен айтып беріңіз;
  • Зерттеуiңiздi таблица жүзiнде көрсетiп, қысқаша мазмұндап берiңiз;
  • Шығарманың сюжетiн өз сөзiңiзбен әңгімелеп берiңiз.

Қолдану

Таным мен ойлаудың орта деңгейі.
Жаңа білімдерді, әдістерді және ережелерді түрлі нұсқада пайдалану. Бұл категория оқу материалын нақты жағдайда және мүлдем жаңа ситуацияда қолдануды меңзейді. Мұнда ережелерді, әдістерді, ұғымдарды, заңдарды, қағидаларды, теорияларды, практикалық тұрғыдан қолдану кіреді. Оқу нәтижелері түсіну деңгейіне қарағанда материалды тереңірек игеруді талап етеді.

  • Ұғымдар мен қағидаларды жаңа жағдайларда қолданады;
  • Заңдар мен теорияларды практикалық тұрғыдан нақты ситуацияларда қолданады;
  • Әдіс немесе жұмыс ретін дұрыс қолданатындығын көрсетеді.
    Оқушыларда метафора мен теңеу туралы түсiнiк бар (Білім), олардың айырмашылығы да белгiлi (Түсiну), ендi олар Абайдың “Қыс” өлеңiнде метафора мен теңеу қандай бейнелерді құрастыратындығын айтып беруi керек.
    Талдау

Таным мен ойлаудың жоғарғы деңгейі.
Дәйектер мен себептерге сәйкес ақпаратты тексеру және жіктеу. Қорытынды жасау және жалпылаудың болғанын растайтын дәлелдерді анықтау.
Оқу материалының құрылымы анық көрінуі үшін оны құрамдас бөліктерге бөлу: бүтіннің бөліктерін ажырату; бүтіннің бөліктерінің арасындағы өзара байланыстарды анықтау. Бұл категория оқу материалының мазмұнын сезінумен қатар оның ішкі құрылысын қалайша құралатындығын меңзейді.

  • Элементтерді талдау,
  • Қарым қатынасты талдау,
  • Ұйымдастыру қағидаттарын талдау;
  • Жасырын (көзге көрінбейтін) жәйттерді ашады;
  • Ойдың өрбуінен қателер мен олқылықтарды айқындайды,
  • Фактілер мен олардың салдарының арасын ажыратады;
  • Ұсынылған фактілердің маңыздылығын айқындайды.
    Топтастырыңыз; салыстырыңыз; себебін талдаңыз.
  • Теореманың екi бөлiгiн салыстырыңыз.
  • «Ер туған жерiне, ит тойған жерiне» деген мақалды қалай түсiнесiз?

Жинақтау

Таным мен ойлаудың жоғарғы деңгейі.
Жаңа үлгідегі әртүрлі тәсілдермен элементтерді қиыстыру арқылы ақпараттарды жүйелеу немесе балама шешім ұсыну;
Оқу материалының элементтерінен жаңашыл сипаттан бүтінді (нәтижені) құрастыру. Жаңа нәтиже ретінде оқу материалдарын мүлдем өзгеше реттейтін хабарлама (баяндама, сөз), жұмыс жоспары, схемаларды атауға болады. Мұндай оқу нәтижелері жаңа мазмұн мен жаңа құрылымдарды жасап шығаратын шығармашылық әрекеттерді қолдануды талап етеді.

  • Шығармашылық тұрғыдан кішігірім шығарма (эссе) жазады;
  • Тәжірибе жасаудың өзіндік жоспарын ұсынады;
  • Қандай да болмасын проблеманы шешу үшін өз білімдерін шығрамшылықпен қолданады.
  • Өз шешіміңізді табыңыз, алгоритм құрастырыңыз, баламасын табыңыз, бөліктерден құраңыз, жүйелестіріңіз, зерттеңіз.
  • Эссе, шығарма, өлең, шешендiк (ораторлық) сөз, сценарий, компьютерлiк бағдарлама жазу.
    Мәлiмет бойынша барлық бiлiмдi тиянақтап, оны бiр жүйеге келтiрiп, жоспар немесе кесте құру (Тәжірибенi жоспарлап, нәтижесiн бақылау). Ғылыми гипотеза (болжау) құрастырып, ұсыну

Бағалау

Таным мен ойлаудың жоғарғы деңгейі.
Пікірмен таныстыру және оны дәлелдеу, ақпарат бойынша қорытынды жасау және жұмыс сапасын бағалау.Оқу материалының маңызын анықтау, ол туралы өзіндік пікір келтіру, ойын білдіру. Бұл деңгей алдыңғы категориялардың оқу нәтижелелеріне қол жеткізуді меңзейді.

  • Оқу материалы құрылымының логикасын жазбаша түрде бағалайды;
  • Ішкі немесе сыртқы критерийлерге сүйеніп, оқу материалының маңыздылығын айқындатады;
  • Жасалған шешімдер мен қорытындылардың берілген фактілерге сәйкестігін анықтайды
1 лайк

Блум таксономиясы бойынша ұйымдастыру оқушылардың дайын ақпаратты қабылдауынан гөрі, ондағы қойылған мәселені зерттеуіне, талдауына және салыстыруына, ой толғауына және бағалауына қолдау ететінін айта кеткен жөн. Блум таксономиясы адамның ақыл-ой қабілеттерінің құрылымы танымдық үдерісінің ең қарапайымнан бастап күрделіге біртіндеп өту барысында белсенді әрекетке жетелейтін 6 деңгейге сәйкес тапсырмаларды құруды қажет етеді. Тапсырмалар құруда оқытудың белсенді әдістердің мәні- оқушылардың кәсіби іс-әрекетті меңгеруге бағытталады.

1 лайк

Блум таксономиясынның негізгі беретіні “қолдану, жинақтау, бағалау” осы бағыттың ішінара жасалынатын жүйелі жұмыстарын қолдана отырып сабақ беру, нәтижелі жетістіктіктің бастамасы.