Білім берудің үздіксіздігі – табысты ұрпақ кепілі!

«Бастауыш мектептермен сабақтастықты және тиімді өзара әрекеттесуді қамтамасыз ету үшін мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары мен педагогтерін кәсіби дамыту» тақырыбындағы курс өз мәресіне жетті!

Бұл курс мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш білім арасындағы байланысты нығайтуға, білім берудің үздіксіздігі мен үйлесімділігін қамтамасыз етуге бағытталды.

Курстың басты мақсаты – мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін арттыра отырып, бастауыш сыныппен сабақтастықтағы тиімді әдістерді меңгерту, бала дамуының жаңа кезеңіне дайындықты күшейту болды.

Курста тыңдаушылар келесі маңызды тақырыптарды қамтыды:
• Мектепке дейінгі және бастауыш білімнің оқу бағдарламаларындағы сабақтастық;
• «Ойын арқылы оқыту» мен «Құндылыққа бағдарланған білім берудің» өзара байланысы;
• Баланың дайындық деңгейін диагностикалау және жеке білім беру траекторияларын құру жолдары;
• Мектеп пен балабақша арасындағы кәсіби серіктестікті нығайту құралдары.

Тыңдаушылар тәжірибе алмасып, зерттеу жобаларын қорғап, авторлық әдістемелік ұсыныстар дайындады. Курс барысында алынған білім мен дағдылар – болашақ ұрпаққа сапалы білім мен тәрбие берудің мызғымас іргетасы!

20 лайков

Мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің біліктілігін арттыру курсы сәтті аяқталды!
Курс барысында қалыптасқан тәжірибе мен әдістер – болашақ ұрпаққа сапалы білім мен тәрбие берудің берік негізі болмақ! :

1 лайк

Бұл курстың мазмұны мен мақсаты өте нақты және маңызды.

курс өте пайдалы болды.

«Бастауыш мектептермен сабақтастықты және тиімді өзара әрекеттесуді қамтамасыз ету үшін мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары мен педагогтерін кәсіби дамыту» тақырыбындағы курсқа қатысып, жаңашылдықпен жұмыс жасауға үлкен мүмкіндіктер бар екендігін түсіндім. Топтық жұмыстар жасап, бір-бірімізбен тәжірибе алмастық. Курсқа қатысушы педагогтер өздерінің жан-жақты және шығармашыл екендіктерін көрсетті. Алдағы уақытта цифрлық сауаттылықты күнделікті жұмыста пайдалануды жолға қоямын.

Курс барысы өте ұнады.Көптеген платформаларда жұмыс жасадық өзімізге керекті ақпаратты алдық.Осындай біліктілікті арттыратын курстар көп болсын!

Мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне осы курс өте пайдалы болды және де көп ақпараттар алдық

Курс жоғарғы деңгейде өтті. Болатбек ағайға көп рахмет!

Біліктілікті арттыру курсы өте жоғары деңгейде өтті. Үйренгеніміз көп болды

Бұл күрс өте керемет аяқтадық. Болатпек ағайға көп рахмет.

“Өрлеу” ұйымына шығармашылық биік белестер, білім беру саласындағы жаңашыл бастамаларыңыз әрдайым сәтті болы, еліміздің педагогтеріне шабыт пен серпін сыйлай беріңіздер!

Бастауыш мектептермен сабақтастықты және тиімді өзара әрекеттесуді қамтамасыз ету үшін мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары мен педагогтерін кәсіби дамыту тақырыбында курсты толық аяқтадым. Бүл курста көптеген мағлұматтар алдық. Цифрлық ресурстар, гугл дискте жұмыс жасап үйрендік.Курста білім берген Болатбек Толкынбековичке үлкен рахмет. Еңбекте шығармашылық табыс тілеймін.

Мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің кәсіби дамуын жүйелі жоспарлау және қолдау — оқу-тәрбие жұмысының сапасын арттырып, бала тұлғасының үйлесімді дамуына ықпал етеді

1 лайк