Орыс сыныптарындағы оқушылар қазақ тілі
сабақтарында берілген мәтіндер мен тапсырмаларды дұрыс түсініп, мәтін
бойынша сұрақтарға дұрыс жауап қайтаруға, қазақ тіліндегі сөздер мен сөз
тіркестерін дұрыс қолдануға, сөйлемді дұрыс құруға үйренеді. Ал оны жүзеге
асыру үшін, әр түрлі оқыту әдіс-тәсілдерін пайдалану, қызықты тіл дамыту
тапсырмаларын және тақырыпқа сәйкес танымдық тапсырмалар арқылы
қызықтыра оқыту керек.