Қазақ тілі сабақтарында дамыта оқыту әдістерін қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілетін дамыту

«Дамыта оқыту » деген термин психология ғылымының қойнауында туып, баланың дамуын қарастырған Ж.Пиаженің еңбегінде ойлаудың әр түрлі деңгейін, типтерін Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн және басқа да психиканың функциясын зерттеген Б.Г.Ананьев, А.А.Люблинская және басқа да іс - әрекет теориясының психологиясын жасаған А.Н.Леонтьев, П.Я.Гальперин еңбектерінде жан – жақты талданды. Осылардың негізінде дамыта оқыту проблемасына арналған екі іргелі эксперимент жасалып, оның бірін В.В.Давыдов, ал екіншісін Л.В.Занков басқарды.