Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамытуға бағытталған оқу тапсырмаларын құрастыруды үйрендік.
Мәтінмен жұмыс жасаудың тәсілдерін меңгеруге көмектесті. Курс тиімді өтті.
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру курсында оқу мақсаты бойынша тапсырмаларды құрастыруды үйрендім.Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру үшін 3-4 деңгейілік тапсырмалардың әдіс-тәсілдерін қолдандым.
“Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру” курсынан өттім. Курс мен үшін өте пайдалы және өзекті болды 3-4 деңгейдегі тапсырмаларды құрастыруды үйрендім.
Оқушылар мәтінді оқып, берілген тапсырмаларды орындау барысында күнделікті өмірде кездесетін әртүрлі мәселелерді шешуге дайын болып, жүйелі түрде, сыни ойлап, сол мәселені шешуге тырысады.
Берілген тапсырмалар оқу мақсатынан ауытқымау керектігін басты назарда ұстау керек. Осы курсты өткізген, жан-жақты түсіндірген тренеріміз Аманова Гульхан Сабырханқызына үлкен рақметімді білдіремін.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру курсы тың тақырыптарымен бөлісті. Гульхан Аманова әпки функционалдық сауаттылықты арттыру барысында бағыт-бағдар берді. Курс өте жоғары деңгейде өтті.
“Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру” тақырыбында өткен білім жетілдіру курс жоғары деңгейде өтті. Тренер Гүлхан Сабырханқызы өз білімімен барынша бөлісті. Қызықты әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған үлгілік оқу бағдарламасында берілген оқу мақсатына сәйкес келетін тапсырмалар құрастырып үйрендік. Топ ішінде бір-бірімізге қолдау жасап, жобамызды жасадық. Тапсырмаға сай негіздемені жазуға дағдыландыру. Курсқа көп рақмет.
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылықты қалыптастыру біліктілік арттыру курсы. Оқу мақсатындағы тапсырмаларын құрастыру арқылы көптеген мәліметтерді алдық. Курс өз деңгейінде өтті.
“Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында білім алушылардың функционалды сауаттылығын қалыптастыру” тақырыбында курс өтті.Біліктілік арттыру барысында оқытудың әдістемесі, теориялық құндылықтар, оөытуда нақты нәтижелерге жету жайында ақпараттар алдық
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру курсында оқушыларды сауаттылыққа, мәтінмен дұрыс жұмыс жасауға оқу дағдыларын жетілдіре отырып, сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамытады. Сабақ кезінде мәтінмен қалай жұмыс жасаудың тәсілін меңгеруге көмектесті. Тренер Аманова Гульхан Сабырхановнаға рахмет.
“ Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында функционалды сауаттылықты қалыптастыру” тақырыбында біліктілігімізді арттыру барысында 3-4 деңгейінде тапсырмаларды құрастыруды үйрендік.Теориялық және практикалық сабақтарда түрлі әдіс тәсілдерді қолдануды меңгердік.Тараз “Өрлеу” ұжымына сонымен қатар тренеріміз Аманова Гүльхан
Сабырхановнаға алғысымды білдіремін. Жұмыстарыңызға толағай табыстар тілеймін!
“Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру” біліктілікті арттыру курсы білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған. Оқушылардың алған білімін өмірлік жағдайда тиімді қолдануы үшін оқу мақсаттарына сай, олардың оқылым, жазылым дағдыларын қалыптастыратын тапсырмалар құрастырып үйрендік. Гүлхан Сабырханқызы курс барысында 4,5-деңгейіндегі тапсырмаларды құрастыруда бағыт-бағдар берді. Таңдалынған оқу мақсатына сай нақты тапсырмалар құрастырып, оған негіздеме жасадық.
"Қазақ тілі мен әдебиетісабақтарында функционалдық сауаттылықты қалыптастыру " курсынан білімімді жетілдірдім.Курста функционалдық сауаттылықты қалыптастыру мақсатында деңгейлік тапсырмалар құрастыруды меңгердік. 4-5 деңгейдегі тапсырма құрастыруда оқу мақсатын негізге алып, салыстыру, талдау, баға берумен қатар оқылым,жазылым, тыңдалым, айтылым дағдылары бойынша жұмыс жүргізуге жетелеп отырды. Курс тренеріміз Аманова Гульхан Сабырхановнаға алғысым шексіз!
“Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру” тақырыбында курстан өттік. Курстан көп мағлұмат алдық. Үлгілік оқу бағдарламасын негізге ала отырып, күрделі тапсырма құрап үйрендік, әріптестеріммен тәжірибе алмастық.Жетекшіміз Аманова Гульхан Сабырханқызына шығармашылық табыс тілейміз!
"Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында білім алушылардың функционалдық сауаттылықтығын қалыптастыру"тақырыбында өткен курстың мақсаты үлгілік оқу бағдарламаларын білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудағы рөлі өте маңызды.Мұнда оқытудың әдістемесін,ғылыми маңыздылығын ,бағыт-бағдарын,теориялық құндылығын айқындап,оқытуда нақты нәтижеге жету мақсатында тапсырмалар құрастырдық.Мәтінмен жұмыс жасадық . Тапсырмалар оқу бағдарламасының негізінде жасадық . Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту-қазіргі кездегі ең маңызды қадам болып табылады.Нәтижеге бағытталған тапсырмалардан оқушылардың қызығушылығын, ықтасын дамытады.Курстан оқу мақсатына негізделген тапсырмалар құрастырып үйрендім.Қай тапсырманы алсақ та, оқушыға тиімді жақтарын алуды мақсат еттім.Функционалдық сауаттылық оқу процесіндегі қиындықтарды оңтайлы дәрежеде анықтауды,шараларды қолдануға болатынын үйрендік.
“Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында білім алушылардың фунционалдық сауаттылығын қалыптастыру” курсы бойынша оқушылардың оқу сауаттылығын арттыруды.Тілдік дағдыларды дамытуға бағвтталған оқу тапсырмаларын құрастыруды үйрендік.Тілдік дағдыларды дамытуда өмірлік жағдайлармен байланыстырып оқу тапсырмаларын құрастыруды білдік
Гульхан Сабырхановнаға көп-көп рақмет
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру курсынан білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға арналған оқу мақсатына негізделген оқу тапсырмаларын құрастыруды үйрендік. Бұл курс оқушылардың тілдік дағдыларын дамытып қана қоймай алған білімдерін өмірде қолдануға бағыттайды. Мәтінді түсіну, талдау және қолдану қабілеттерін арттырады. Курстан құнды дүниелер алдық. Рахмет.
Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру кезінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің тапсырмаларын орындау барысында көптеген тиімді тапсырмалардың тәсілдері мен жолдарын терең меңгердік.Тапсырмалар құрап,талдау жасадық.3-4 деңгей тапсырмаларын жасау,білім алушыларының оқу сауаттылығын арттыру,дамыту,барысында қандай деңгейлік тапсырмалар түрлерін орындату керектігін меңгердік.Курс өте тиімді.Аманова Гульхан Сабырхановнаға рахмет
10.02-14.02.25 аралығында “Қазақ тілі әдебиеті сабақтарында ”білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру тақырыбында өткен курс жоғары деңгейде өтті.Тренер Гульхан Сабырханқызы өз тәжірбиесімен бөлісіп,бағыт- бағдар берді.Сізге шығармашылық табыс тілеймін.
Оқушылардың оқу сауаттылығын дамытуда 3-4 деңгей тапсырмаларының алатын орны өте маңызды. Бұл деңгейлердің тапсырмалары оқу дағдыларын тереңдете отырып, оқушылардың мәтінді түсінуін, талдау қабілетін және өзіндік ойлауының қалыптасуын қамтамасыз етеді. Міне, 3-4 деңгей тапсырмаларының орны мен маңызы орасан зор.
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында білім алушылардың функционалды сауаттылығын арттыру — қазіргі білім беру жүйесінде маңызды мақсаттардың бірі. Бұл бағытта оқушылардың тек тіл білімін ғана емес, сонымен қатар өз ойларын дұрыс, түсінікті және тиімді түрде жеткізу дағдыларын қалыптастыру қажет.