Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары мен мектеп директорларына арналған “Білім берудегі менеджмент” курсында жобалар қорғалды. «Адам ресурстары» ұғымы «еңбек ресурстары» және «персоналға» қарағанда кең ұғым, адамдардың немесе ұйым қызметкерлерінің білімі, мамандығы және кәсіптік біліктілігі ғана емес, сонымен қатар олардың әлеуметтік-мәдени сипаттамалары мен тұлғалық-психологиялық қасиеттерін қамтиды. Жобада «Адам ресурстарын пайдаланудағы» негізгі аспектілер қарастырылды.