Мектептерде ағылшын тілін оқытудың негізгі элементтерінің бірі – сөздік жұмысын жүргізу. Ол оқушылардың сөздік қорын байытуда ерекше орын алады. Сөздік жұмысын ұйымдастырудың басты қағидасы – оқушының лексикалық материалды белсенді түрде меңгеріп, сөйлеу тілінде оларды бекітіп, сөйлеуде белсенді түрде қолдана білуге үйрету негізінде қалыптасады.
Сөздік жұмысын ұйымдастырудың қағидаларын білу аса қажет. Олар игерілуге, білуге қажетті сөздер, жиілік, ахуалдық – тақырыптық негізінде сөз іріктеледі. Сөздік жұмысын ұйымдастырудың басты мақсаты – оқушының лексикалық материалды белсенді түрде меңгеріп, оны сөйлеу тілінде түрлі тұлғада қолдана білуі, яғни оқушы ол сөзді кез келген грамматикалық формада қолдана алуы қажет. Мысалы: оқы, оқып отыр, оқыған, оқиды т. б. мысалда олар әртүрлі грамматикалық формада беріліп тұр.
Әрине, сөздік жұмысы арнайы сабақ болып өтілмейді. Ол біздің әрбір сабағымыздан орын алады. Сондай – ақ, сөздік жұмысы мәтінде кездесетін түсініксіз сөздермен ұғымдарды түсіндірумен ғана шектелмейді. Оқушының сөздік қорын қалыптастыруға байланысты мынадай мақсаттар қойылады:
-
Әр сабақта белгілі мөлшерде оқушыға жаңа сөз үйретіп отыру, яғни оқушының сөздік қорын дамыту.
-
Оқушыны сөзді тыңдауға жаттықтыру.
-
Оқушы меңгерген сөздерімен сөз тіркесін, екі – үш сөзден тұратын сөйлем құрай алатын болуға тиісті. Бұл сөйлеуге, сөйлесуге үйрету үшін қажет.
-
Ағылшынша сөздерді дұрыс айта білуге дағдыландыру керек.
-
Оқушыларға қысқа өлең, тақпақ, мақал – мәтелдер, жұмбақтар мен жаңылтпаштар жаттап үйрету керек. Оның ағылшын тіліндегі дыбыстардың дыбысталу ерекшеліктеріне тілдерін жаттықтыруда үлкен пайдасы бар.
Мысалы, -
Many hands make light wok.
Көп түкірсе, көл болады. -
Too many cooks spoil the broth.
Қойшы көп болса, қой арам өледі. -
Make hay while the sun shines.
Қыстың қамын жаз ойла