Жаһандық құзіреттілік

Курста оқушыларға қандай құзыреттіліктер мен дағдылар қажеттігімен танысу маңызды болды. Әсіресе медиасауаттылық пен қаржылық сауаттылық тақырыптары өте қызықты болды.

3 лайка

Әлеуметтік желінің пайдалы және зиянды жақтары туралы мәліметтермен таныса отырып,жаһандық деңгейде дамыған түрлерінің қоғамға әсерін білдік

Тақырып: Парасаттылық және әдеп
“Қарым қатынас мәдениеті”
Оқушыларға басқа адамдармен қарым-қатынас жасау кезіндегі адами қасиеттер мен адамгершілік нормалардың рөлін түсіндіре отырып, мәдениеттілік пен сүйіспеншілік құндылығын ың мәнін ашу.

Жаһандық құзіреттілік курсы өте керемет деңгейде өтті! Барлық тақырыптар қызықты және түсінікті болды! Өзіміздің практикамызда-сабақтарымызда қолданамыз! Айгүл Аманжоловнаға үлкен рақмет!

өте керемет курс, тағы да осындай курстар қажет, Айгуль Аманжолвнаға көп рахмет

Курста жалпы тақырыптардың барлығы өзекті болды.Қаржылық жоспарлаудың маңызды екенін уйрендік және медиа сауаттылықты және әлеуметтік медианы пайдалану қауіпсіздігін меңгердім.

Жаһандық құзыреттілік курсы мен үшін өте маңызды әрі пайдалы болды. Бұл курс маған әртүрлі мәдениеттерді құрметтеуді, әлемдік мәселелерге бейжай қарамауды үйретті) Және де бұл курс менің көзқарастарымды кеңейтті.

Жаһандық құзыреттілік курсында өте маңызды тақырыптар талқыланды. Мысалы, толеранттылық, әлеуметтік жауапкершілік, медиасауаттылық, экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Бұндай тақырыптар қазіргі жаһандану дәуірінде жас ұрпақты тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады. Сондай-ақ, куратор Айгуль Аманжоловнадан үйренгеніміз өте көп.

Жаһандық құзыреттілік курсында этика мен этикет, қарым қатынас мәдениеті, отбасылық қарым қатынас, медиа сауттылық және қауіпсіздік, ғаламдық құзыреттер, қаржылық сауаттылық тақырып тарын қарастырдық. Курс жоғары деңгейде өтті!

Аталған курс бойынша әлемдік жаһандану туралы,оның ішінде Дін,Қарым- қатынас,қаржылық сауаттылық,толеранттылық туралы толық ақпарат пен мәлімет алдым,курс өте жоғары деңгейде өтті.
Айгүл Аманжоловнаға үлкен рахмет.

Курс тақырыптары, мазмұны түсінікті әрі өте жоғары деңгейде құрастырылған. Соның ішінде жеке кірістер мен шығыстарды басқару тақырыбы, қосымша табысты басқару, өз табысыңды жоспарлау мен үшін өте қызықты болды және маңызды ақпараттар алдым. Тренер Айгуль Аманжоловна теориялық ақпаратты практикамен байланыстыра отырып, дәрістерді жоғары деңгейде жүргізді.

курста оқыған мәліметтерді басқа әріптестермен мектепте бөлісем, курс маған ұнады!
Тренер Айгуль Аманжоловнаға алғыс білдіреміз

Курс жақсы ұнады. Керек ақпарат және білімді алдық. Практикада мысал ретінде көрсеткен түмінікті әрі қызықты болды. Үлкен рахмет

Жаһандық құзіреттілік курсы өте жоғары деңгейде өтті. Айгүл Аманжолқызына алғысым шексіз, курсты аса шеберлікпен оқытқан. Курстан алған біліміміз жоғары дәрежеде деп сеннімен айта аламын.

Курс өте керемет өтті . Әр сабак өте кызықты әрі есте каларлықтай әсер берді. Айгүл Аманжоловнаға алғыс білдіремін!

Курс өте жоғарғы деңгейде өткізілді. Өте көп мағұлматтарды алдық. Кураторымыз Айгүл Аманжол қызына айтар алғысымыз шексіз. Осындай тәжірибелі ұстаздар көбірек болса екен деймін.

Сабақ өте керкмет өтті .Әсіресе қажылық сауаттылық тақыры ерекше қызықты болды.Айгул апайға үлкен рахмет

Бұл курс маған қазіргі білім беру жүйесіндегі оқушылардың жаһандық ойлауын дамыту, мәдинетаралық қарым-қатынасты қалыптастыру және жаһандық мәселелерді сын тұрғысынан қарастыру қабілетін жетілдірудің маңыздылығын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.
Курс барысындағы алынған теориялық білім мен практикалық тапсырмалар менің педагогикалық іс-тәжірибемді жаңа деңгейге көтерді. Айгуль Аманжоловаға алғысымыз шексіз.