Жаһандану – бүгінгі күннің шындығы


Иә, жаһандану – бүгінгі күннің шындығы. Шекаралардың жойылуы, ақпараттың тез таралуы және экономиканың интеграциялануы әлемді біртұтас ауылға айналдырды. Бұл үдеріс бізге көптеген жаңа мүмкіндіктермен қатар, жаңа мәселелерді де әкелді. Осы жаңа шындықта сәтті өмір сүру және даму үшін жаһандық құзыреттіліктерді меңгеру аса маңызды.

Жаһандық құзыреттілік дегеніміз – бұл әртүрлі мәдениеттер мен көзқарастарды түсіну, басқа адамдармен тиімді қарым-қатынас жасау, жаһандық мәселелерді талдау және оларды шешуге қатысу қабілеті. Бұл құзыреттіліктер бізге әлемдік аренада бәсекеге қабілетті болуға және өзгеріп отыратын әлемде бейімделуге көмектеседі.

Жаһандық құзыреттіліктер неге қажет?

  • Мәдениеттер арасындағы түсіністікті арттыру: Әлемнің түкпір-түкпірінен келген адамдармен жұмыс істеу және өмір сүру үшін әртүрлі мәдениеттердің құндылықтарын, дәстүрлерін және көзқарастарын түсіну қажет.
  • Жаһандық проблемаларды шешу: Климаттың өзгеруі, терроризм, экономикалық теңсіздік сияқты жаһандық мәселелерді шешу үшін халықаралық ынтымақтастық қажет.
  • Бәсекеге қабілетті болу: Жаһандану жағдайында бәсекелестік күшейіп отыр. Сондықтан, жаңа білім мен дағдыларды үздіксіз меңгеру қажет.
  • Жеке даму: Жаһандық құзыреттіліктер адамның жеке дамуына да ықпал етеді. Бұл құзыреттіліктерді меңгерген адамдар өздерін сенімді сезініп, жаңа тәжірибелерге ашық болады.

Жаһандық құзыреттіліктерді қалай дамытуға болады?

  • Тілдерді үйрену: Шетел тілдерін білу басқа мәдениеттермен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді.
  • Саяхаттау: Жаңа жерлерге бару және әртүрлі мәдениеттермен танысу жаһандық көзқарасты қалыптастыруға көмектеседі.
  • Халықаралық ұйымдарға қатысу: Халықаралық ұйымдардағы еріктілік жұмыстары арқылы басқа елдердің адамдарымен бірлесіп жұмыс істеуге болады.
  • Оқу: Жаһандық мәселелер, әртүрлі мәдениеттер туралы кітаптар оқу, мақалалар оқу пайдалы болады.
  • Ашықтыққа және жаңа тәжірибелерге дайын болу: Өз аймағынан шығып, жаңа адамдармен танысудан қорықпау керек.

Жаһандану – бүгінгі күннің шындығы. Жаһандық құзыреттіліктер – бұл жаңа әлемде сәтті өмір сүру және даму үшін қажетті құрал. Осы құзыреттіліктерді меңгеру арқылы біз әлемдік аренада өз орнымызды таба аламыз және жаһандық мәселелерді шешуге өз үлесімізді қоса аламыз.

22 лайка

Отбасы – тұлға тәрбиелеудің және оны қоғамның сан қырлы жақтарыигеруіне мүмкіндік туғызатын ең алғашқы әлеуметтік орта. Отбасы шағын мемлекет. Оның тірегі әке мен ана. Үлгілі жанұя үлкен қазына. Қазақ халқында «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілесің» деген даналық сөз бар. Ұлы мен қызына тәрбие беретін ата-ананың парызы мен қарызы үлкен. Халық айтса, қалт айтпайды, Отан отбасынан басталады.
Бұл тақырып өте өзекті тақырыптардың бірі болды

21 лайк

Отбасы шағын мемлекет. Оның тірегі әке мен ана. Отан отбасынан басталады. Бұл тақырып өте өзекті тақырыптардың бірі болды. Отбасы – тұлға тәрбиелеудің және оны қоғамның сан қырлы жақтарыигеруіне мүмкіндік туғызатын ең алғашқы әлеуметтік орта. Үлгілі жанұя үлкен қазына. Қазақ халқында «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілесің» деген даналық сөз бар. Ұлы мен қызына тәрбие беретін ата-ананың парызы мен қарызы үлкен. Халық айтса, қалт айтпайды,

22 лайка

Курс маған ұнап жатыр. Курста отбасылық құндылықтар,лайықты адам туралы көптеген мағлұматтар алдық.Халқымыздың рухани байлығымыздың бірі отбасы құндылықтары.Мемлекетіміздің өзі сол жекелеген отбасылардың қосындысынан құралады.Отбасылық құндылықтар қоғамның негізгі қоғамдас бөлігі болып табылады және мәдениет пен адамгершілік қасиетті қалыптастырады.

22 лайка

Жаһандық курс барысында түрлі тақырыптарды талқыладық.
Буллинг - ұжым мүшелерінің бірін (әсіресе білім алушылардың мен студенттер, сондай-ақ әріптестер ұжымынан) басқа біреу, сондай-ақ көбінесе міндетті түрде бір формальды немесе басқалар мойындайтын ұжымнан емес адамдар тобы тарапынан, агрессивті қудалау және қорлау.
Жаһандық құзыреттер - өзінің пәндік мазмұны, құндылық негізі бар және әмбебап дағдыларды қалыптастыруға бағытталған функционалдық сауаттылықтың тұтас- кіріктірілген компоненті.
Цифрлық білім - бұл цифрлық технологиялар, цифрлық құралдар болып табылатын, цифрлық білім беру ортасында мақсаттан нәтижеге ауысу кезінде оқушылар мен білім алушылардың өзара әрекетін ұйымдастыру процесі.

22 лайка

Тема вчерашнего дня мне кажется прошла интересна. У каждого участвующего было время для представления своего мнения. Занятие прошло интересно и уникально

22 лайка

Халық арасындағы «Отан отбасынан басталады» деген қағи­­даға айналған сөз қай кезде болсын өзгер­ген емес, өзгермек те емес. Елбасымыз «От­басы – Қазақстан қоғамы­ның дің­гегі, экономикадағы, мәдениет­тегі, әлеуметтік саясаттағы барлық жаңа жетістіктерінің негізі» деп бұл мәсе­ленің қоғам үшін қаншалықты маңызды екендігін көрсетіп берді. Отбасы - кез келген адам өмірінің ең маңызды бір бөлігі. Туған ұясы атанған отбасы қажеттілігін ешқашан жоғалтпайды. Өйткені, ол белгілі бір әлеуметтік институт. Тәрбиенің негізі жанұядан бастау алатындықтан, оған немқұрайлылық таныту мүмкін емес.

19 лайков

Жаһандану-бүгінгі күннің шыңдығы, қазіргі қоғамдағы жаһандық мәселелерін түсіну болып табылады. Жаһандық құзыреттіктер курсы барысында функционалдық сауаттылықты, Стив Джобстың 12 қағидаларын, отбасылық құндылықтарды, отбасындағы түрлі ауқымды мәселелерді талқыладық.Медиа және ақпараттық сауаттылық туралы талқыладық. Медиасауаттылық-бұл ақпаратты дұрыс іздеу, тексеру, анализ жасау және сыни ойлау болып табылады.

18 лайков

Жаһандық құзыреттілік – бұл жаһандық маңызы бар мәселелерді түсіну және әрекет ету қабілеті мен бейімділігі.Бұл курста мен жаңа технологияларды үйреніп, әртүрлі мәселелрді топта талқылап, алдағы сабақ беру барысында пайдалануды үйрендік

20 лайков

Жаһандық құзіреттілік курсында түрлі тақырыптарда білім алдық.Өте құнды ақпараттар берілді,оның ішінде медиа сауаттылық,отбасы құндылықтар туралы постер қорғалды қазіргі өмірмен байланыстыра отырып,өз ойымызды ортаға салдық.Керемет ойлар туындады,әріптестермен ой бөлістік.

18 лайков

Курста әртүрлі тақырыптарды ашық талқыладық.Оның ішінде медиасауаттылық,буллинг,лайықты азамат туралы,әлеуметтік жауапкершілік т.б көптеген тақырыптар болды.Бұл тақырыптардың барлығы қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі.

18 лайков

Жаһандық құзыреттілік курсында мектептегі буллинг, кибербуллингпен күрес жайлы және отбасылық құндылықтар мен жас отбасылардың бүгінгі өзекті мәселе ажырасу себептері, оның қалай алдын аламыз деген сұрақтарға жауап ала алдық.
Мектепте буллинг жасайтын бала мен жәбірленуші баламен қалай жұмыс жасау керегін, бұл күресте ата-ана, психолог, сынып жетекші, мектеп инспекторы бірлесе жұмыс жасау керектігін анық айттық. Сонымен қатар, ата-ананың балаға деген мейірімі, көңіл бөлу, өзара қарым қатынасы балаға әсері мол екендігін түйдік.

17 лайков

Отбасы шағын мемлекет. Оның тірегі әке мен ана. Үлгілі жанұя үлкен қазына. Қазақ халқында «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілесің» деген даналық сөз бар. Ұлы мен қызына тәрбие беретін ата-ананың парызы мен қарызы үлкен. Халық айтса, қалт айтпайды, Отан отбасынан басталады. «Балалы үй базар, баласыз үй мазар» деген даналық сөзінде үлкен ғылыми тұжырымдаманы көрсетеді. Отбасы татулы­ғы мен үйлесімділігі ата-ана мен бала және ерлі зайыптылардың арасындағы сүйіспеншілік сезімімен тығыз байланысты.

16 лайков

Жаһандық құзыреттілік курсы бойынша Отбасы құндылықтары мен Рухани қасииетер тақырыбын ашып түсіндірілді

13 лайков

Жаhандық құзіреттілік - бұл жаңа әлемде сәтті өмір сүру және даму үшін қажет құрал . Жаhандық құзіреттілік пәні болашақ ұрпақтың жанжақты дамуына, қалыптасуына әсер етеді. Болашақ ұрпақ бойында әлеуметтік жауапкершілік пен отбасы құндылықтарын, тұлға болып қалыптасуға тәрбиелеу қоғамның басты мәселесі болып табылады.
Бүгінгі курста осы тақырыптар аясындда көптеген мәліметтер алып, алдағы уақытта практикада қолдану жоспарлануда.

15 лайков

Әрбір тақырыптар қызық әрі көңілді өтіп жатыр.Курс барысында түрлі тақырыптарды талқыладық.

17 лайков

Отбасы – тұлға тәрбиелеудің және оны қоғамның сан қырлы жақтары игеруіне мүмкіндік туғызатын ең алғашқы әлеуметтік орта. Отбасы шағын мемлекет. Оның тірегі әке мен ана. Үлгілі жанұя үлкен қазына. Қазақ халқында «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілесің» деген даналық сөз бар. Ұлы мен қызына тәрбие беретін ата-ананың парызы мен қарызы үлкен. Халық айтса, қалт айтпайды, Отан отбасынан басталатынын әр оқушыға жүрегіне жеткізе білуіміз керекhttps://www.youtube.com/watch?v=WGb_d9hzU_k

13 лайков

Курс өте тамаша өтіп жатыр. Отанды қорғау, сүю, қызмет ету үшін отбасыдағы тәрбие өте маңызды. Балаға жауапкершілікті үйрету арқылы дұрыс толық адам тәрбиелеп шығарамыз. Баланы қоршаған ортаны таза ұстауға, одан бөлек өзінен басқа адамдарға құрметпен қарауға үйрету өте маңызды болып табылады.

14 лайков

Қазақстанда жасөспірімдердің 64%-ы 2-деңгейге жетпеді. Бұл оларға бейтаныс, көлемі және күрделілігі орта деңгейдегі мәтінмен жұмыс істеу қиынға соғатынын білдіреді. Мұндай мәтіндермен жұмыс істеу үшін білім алушылар түсіндірмелерді немесе нақты нұсқауларды қажет етеді. ЭЫДҰ елдері бойынша орта есеппен 2-деңгейге жетпеген білім алушылардың үлесі 26%-ды құрады. Кейбір елдерде мұндай үлгерімі төмен білім алушылардың үлесі 15%-дан аспайды.

15 лайков

Жауапкершілік - адам бойындағы белгілі бір істі,өзіне тапсырылған міндеттерді жүзеге асыруынан байқалатын адамгершілік қасиет. Отбасында да жауапкершілік өте маңызды.

15 лайков