курс маған қатты ұнады, себебі пайдалы мәліметтермен таныстым.
Тарих сабақтарында білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру курсында заман талабына сай әр түрлі тақырыпта және қызықты, жоғары дәрежеде жүргізілді. Курс барысында топтық жұмыс жасай отырып өз білімімді жетілдірдім.
Курс өте жоғары деңгейде өтті, тренер Назира Жорабековнаға рақмет!
Курс жоғары деңгейде өтті.Куратырымызға мың алғыс.Сабақты керемет түсіндіріп берді.
Тарих сабағына өте керемет функционалдық сауаттылықты арттыру курсы өтті.
Тарих сабағында функцианалдық сауаттылықты арттыру мақсатындағы сабақ тммаша өтті
Тарих сабақтарында білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру тақырыбында курс өттік .Курстан тек білім алып қана қоймай ,оны өмірде қолдана білуіне көмектеседі. маған өте ұнады.
Тарих сабақтарында білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру сабақта білім алдым өмірде тиімді қолдана білдім
функционалдық тапсырма
https://docs.google.com/presentation/d/11fJEelya9gpABXDZFL5t5eIrinTmunIrLwsEg5ogwKM/edit?usp=sharing
Сабақ жоспары«Тарих» сабақтарында білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» білім беру бағдарламасы бойынша қорытынды жұмыс
Облысының/қаласының «Өрлеу» БАҰО филиалы | Жамбыл облысы бойынша КДИ |
---|---|
Оқу мерзімі | 11.03-14.03.2025 |
Тыңдаушының ТАӘ | Конаева Аида Аймахамедовна |
Тренердің ТАӘ | Абдикеримова Назира Жорабековна |
1-тапсырма
Класс 6 не
Сабақ тақырыбы Қыпшақ хандығы
Оқу мақсаты 6.2.1.3 Тарихи оқиғалар мен процестердің сабақтастығын сипаттауда «Ұлы Дала» ұғымын қолдану.
Тапсырма Тапсырманың әдістемелік негіздемесі
Мәтін
Дешті Қыпшақ атауы Қыпшақ даласы дегенді аңғартады және ол Ұлы Дала елінің байырғы атауын білдіреді. Ұлы Дала қазақ халқының тарихи мекені, онда ежелгі дәуірден бастап түрлі оқиғалар мен процестер үздіксіз жалғастыруын білдіреді. Бұл сабақтастық қазіргі Қазақстанның қалыптасуына тікелей әсер етті.
1.Тапсырма
-Картадан Қыпшақ хандығының аумағын және «Ұлы Дала» елінің байырғы атауын анықтап, сол кезеңдегі тарихи оқиғаларымен сабақтастығын сипаттап жазыңдар.
https://kk.wikipedia.org/wiki/С�
%83%D1%80%D0%B5%D1%82:%D2%9A%D1
%8B%D0%BF%D1%88%D0%B0%D2%9B_%D0%B4%
D0%B0%D0%BB%D0%B0%D1%81%D1%8B.png
-«Ұлы дала» ұғымының қазіргі таңда қолдану ерекшелігін тарихи сабақтастық ұғымымен байланыстыра отырып түсіндіріңдер. Тапсырманы таңдау түсіндірмесі:
- оқу мақсатына сәйкестігі;
Бұл оқу мақсаты білім алушылардың тарихи процестерді кеңестік және мәдени тұрғыдан байланыстырып қарастыруына бағытталған Ұлы Дала ұғымы Қазақстан аумағындағы өркенниеттердің билік жүйелерінің және әлуметтік өзгерәстердің бірізділігі мен сабақтастығын түсіндіру үшін маңыздылығын талдайды.
- оқушылардың жас/жеке ерекшеліктеріне сәйкестігі;
Бұл жастағы білім алушылар тарихи оқиғалармен процестерді нақты мысалдар арқылы жақсы менгереді.Ұлы Дала ұғымын меңгеру үшін визуалды материалдар «карта элюстрациялар және салыстыру әдістері арқылы бағыттайды.Білім алушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келеді бірақ оны түсінікті ету үшін ұарапайым тіл,көрнекі материалдар салыстыру әдісі және ойын элеметтерін қолданаалады.
- дағдыларды дамытуға бағытталуы;
Бұл оқу мақсаты білім алушылардың тарихиойлау,талдау және логикалық байланысты орнату дағдыларын қалыптастыруға бағыттайды.білім алушылар «Ұлы Дала»ұғымының мағынасын процестердегі орнын түсіне алады.Тарихи сабақтастықты анықтай отырып әртүрлі дәуірлер арасындағы байланысты сипаттайалады.
- пәнаралық интеграция.
Ұсынылған тапсырма география әдебиет пәндерімен өзара байланысты. Картаны пайдалана отырып Қыпшақ даласының орналасқан аймағын көрсету де география пәнінен алған білімдеріне сүйенеді. Ұлы Дала кеңестігін, оның табиғи ерекшеліктерін, климаттық тарихи оқиғаларға әсерін қарастыру. «Ұлы Дала» ұғымы тарихи просцестерінің өзара байланысын ашып көрсету үшін әртүрлі ғылым салаларын біріктіретін кешенді тәсіл ретінде қолданылады. Әдебиет пәнінде де осы тақырыпқа қатысты негізгі мағлұматтар берілетіндіктен, осы тақырып аясында қолдана алады.
Облысының/қаласының «Өрлеу» БАҰО филиалы Жамбыл облысы бойынша КДИ
Оқу мерзімі 11.03.-14.03.2025
Тыңдаушының ТАӘ Набатова Алия Наятбековна
Тренердің ТАӘ Абдикеримова Назира Жорабековна
1-тапсырма
Класс 6
Сабақ тақырыбы Қазақстан аумағындағы ерте ортағасырлық мемлекеттер
Оқу мақсаты 6.2.1.3-тарихи оқиғалар мен процестердің сабақтастығын сипаттауда « Ұлы Дала » ұғымын қолдану
Тапсырма Тапсырманың әдістемелік негіздемесі
Тарихи концепт: өзгеріс пен сабақтастық
Мәтін
Ұлы дала елі ұғымы- қазақ халқының тарихи және мәдени бірегейлігін, кең байтақ даласында болған оқиғалар мен процестердің сабақтастығын көрсететін маңызды термин. Бұл ұғымды қолдану арқылы қазақ халқының тарихындағы маңызды кезеңдер мен құбылыстарды тереңірек түсінуге болады.
Тапсырма 1
Ұлы Дала елінің орта ғасырлардағы хронологиялық кезеңін яғни V-XVIII ғасырлар аралығын қамтитын үш дәуірді кестеге түсіріп сипатамма беріңдер
Кезеңдері Сипаттамасы
Тапсырманы таңдау түсіндірмесі:
- оқу мақсатына сәйкестігі;
Ұсынылған оқу мақсатында білім алушылардың тарихи процестер арасындағы кезеңдер мен құбылыстарды түсінуіне,олардың өзара сабақтастық тұрғысынан қарастыруына бағытталады.
« Ұлы Дала Елі» ұғымын қолдану арқылы Қазақстан аумағында өмір сүрген ежелгі және орта ғасырлық мемлекеттердің, тарихи оқиғаларының бір -бірімен байланысын, олардың уақыт ағымындағы сабақтастығын түсінуге мүмкіндік бере алады.Тапсырма оқу мақсатына сәйкес әзірленіп ұсынылды. - оқушылардың жас/жеке ерекшеліктеріне сәйкестігі;
Оқу тапсырмасы білім алушылардың жас ерекшелігіне сәйкес келеді. Берілген тапсырмада Ұлы дала елі ұғымын пайдалану арқылы білім алушылар Қазақстанның бай тарихи-мәдени мұрасын, оның Еуразия кеңістігіндегі рөлін және қазақ халқының қалыптасуындағы маңызды кезеңдерді тереңірек түсінеді. - дағдыларды дамытуға бағытталуы; Ұлы Дала Елі ұғымын дәріптеуге және отан сүйгіштік сезімін нығайтуға ықпал етеді. Жас ерекшелігіне сәйкес білім алушылардың нақты және абстрактілі ойлау қабілеттерін дамытады. Ұлы Дала Елі ұғымын пайдалана отырып, тарихи сабақтастықты түсінеді. Білім алушылардың тарихи талдау, зерттеу, сыни ойлау, салыстыру және коммуникация дағдыларын дамытады.
- пәнаралық интегра
Оқу мақсаты бойынша берілген тапсырма география пәнімен және құқық негіздерімен байланысты. География пәнімен байланысы қазақ жерінің кең байтақ аумағы мен геосаяси орналасуын картадан көрсете алады.
Құқық негіздері пәнімен байланысы қазақ халқының дәстүрлі құқықтық жүйесі және тәуелсіздік құндылықтарын тарихи оқиғалармен сипатай алады.
Курс өте жоғары деңгейде өтті. Куратырымызға мың алғыс.Сабақты керемет түсіндіріп берді.
Назира Жорабековнаға рахмет!
Облысының/қаласының «Өрлеу»БАҰО филиалы Жамбыл облысы бойынша КДИ
Оқу мерзімі 11.03-14.03.2025 ж
Тыңдаушының ТАӘ Тенизбаева Гульмира Бектемперовна
Тренердің ТАӘ Абдикеримова Назира Жорабековна
1-тапсырма
Класс 8
Сабақ тақырыбы Қазақстандағы ұжымдастыру
Оқу мақсаты 8.4.1.2 күштеп ұжымдастыру саясатының ауыл шаруашылығына тигізген зардаптарын талдау
Тапсырма Тапсырманың әдістемелік негіздемесі
Тарихи концепт: дәлел
Мәтін
Қазақстанда күштеп ұжымдастыру саясаты Кеңес Одағында 1929 жылдан бастап жүргізілген ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бағытындағы негізгі шаралардың бірі. Бұл саясат Қазақстанның экономикалық әлеуметтік, демографиялық жағдайына да қатты әсер етті.
1-тапсырма
Күштеп ұжымдастыру саясатының ауыл шаруашылығына тигізген зардаптарыныңң оң және теріс әсерлерін талдап, төмендегі кестені толтырыңыздар.
Ұжымдастырудың аспектілері Оң
әсері Теріс әсері
Экономикалық
Әлеуметтік
Демографиялық
Тапсырманы тандау түсіндірмесі:
-оқу мақсатына сәйкестігі;
Берілген тапсырма оқу мақсатына толық сәйкес келеді. Күштеп ұжымдастырудың салаларына терең талдау жасауға бағытталған. Білім алушыларға күшпен ұжымдастыру саясатының мәнін және зардаптарын көрсетеді және ұжымдастыру қалай жүзеге асқанын, қандай негізгі шаралар қолданғанын түсінуіне мүмкіндік береді.
-оқушылардың жас/жеке ерекшеліктеріне сәйкестігі;
Білім стандартын негізге ала отырып жасалынған тапсырма білім алушылардың жас ерекшеліктеріне толықтай сәйкес келеді. Білім алушылар берілген кестені толтыруда ұжымдастырудың аспектілерінің оң және теріс әсерін талдап жазады.
-дағдыларды дамытуға бағытталуы;
Ұсынылған тапсырманы орындау кезінде білім алушылардың бойында ұжымдастыру кезіндегі зардаптардың әсерін талдауда тарихи оқиғалардың ерекшеліктерін талдау және интерпретация жасау дағдылары дамиды. Сонымен қатар, тапсырманы орындау барысында экономикалық, әлеуметтік, демографиялық аспектілерін кестеде талдау жасау арқылы оң және теріс әсерін көрсетеді.
-пәнаралық интеграция
Күшпен ұжымдастыру саясатының ауыл шаруашылығына тигізген зардаптарын талдау барысыда бірнеше пәндер арасындағы байланыстарды қарастыруға болады. Бұл тақырып география, әдебиет пәндерімен тығыз байланысты.География пәнімен байланысы ұжымдастыру кезенде дәстүрлі мал шаруашылығы жойылып, экожүйеге кері әсер еткендігі туралы білімді байланыстыра алады.
Әдебиет пәнімен байланысында Бейімбет Майлиннің «Күлпаш» әңгімесінде сипатталған сол кездегі қазақ ауылының қиын жағдайын суреттеген мәліметтерді қолдана алады. Күшпен ұжымдастыру саясаты Қазақстанға үлкен әлеуметтік, экономикалық және демографиялық апат әкелді.Бұл тақырыпты бірнеше пән аясында зерттеу оның зардаптарын жан-жақты түсінуге мүмкіндік береді.