Оқушының белсенділігі мен мотивациясын арттырады
- Оқушылар өз қызығушылығына сай тақырып таңдай алады.
- Шынайы өмірмен байланысы бар тапсырмалар оқушыны қызықтырады.
- «Мен үшін маңызды» деген ішкі мотивация пайда болады.
Нәтиже: Сабаққа немқұрайлы қарау азаяды, белсенділік артады.
5 лайков
Жобалық жұмыстарды оқу процесіне енгізудің педагогикалық тиімділігі өте жоғары. Бұл тәсіл оқушылардың білімін тереңдетіп қана қоймай, олардың шығармашылық, зерттеушілік және практикалық қабілеттерін де дамытады.
Жобалық іс-әрекет– оқушыларды болашақ өмірге дайындайтын, олардың жан-жақты дамуын қамтамасыз ететін әмбебап құрал.
Бұл әдіс арқылы олар тек білім алып қана қоймай, нақты өмірге бейімделеді, өз ойын ашық білдіруге, басқалармен ынтымақтаса жұмыс істеуге, әрі креативті ойлауға үйренеді.
6 лайков
Курс жетекшіміз Болатбек Толқынбекұлы ағайымызға бөліскен барлық ақпараттарына рахметіміз шексіз! Шығармашылық табыс тілейміз!
8 лайков
Информатиканың арқасында жобаларды басқару, жоспарлау, орындау және бақылау процестері автоматтандырылды.
Болашақта информатика мен технологиялар қарқынды дамыған сайын, жобалық іс-әрекетте мүлде жаңа бағыттар пайда болуы мүмкін
6 лайков
Информатиканың дамуы жобалық іс-әрекетке қалай әсер етеді?
Информатиканың дамуы жобалық іс-әрекетке әсері жалпы ақпараттық технологиялар жобаларды жоспарлау, ұйымдастыру, жүзеге асыру және бағалау үдерістерін жеңілдетті. Мысалы, арнайы бағдарламалық құралдар мен онлайн платформалар, топпен бірлесіп жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бұл командалық жұмыстың тиімділігін арттырып, жобалардың сапасын жақсартады.
6 лайков
![3-ші топ мүшелері.|666x500]
ЖОБА ТАҚЫРЫБЫ: “Сыныптағы дыбыс деңгейін бақылайтын құрылғы”.
Жобаның мақсаты:
Сыныптағы дыбыс деңгейін автоматты түрде өлшейтін құрылғы жасау.
*Артық шу байқалғанда визуалды немесе дыбыстық сигнал беру.
*Оқушыларға шу деңгейін өз бетімен реттеуге көмектесу.
*Оқушылардың назарын аудару мен білім сапасын арттыру мақсатында, рұқсат етілген шектен асқан дыбыс деңгейінде визуалды және дыбыстық ескерту шығаратын құрылғы жасау.
7 лайков
ЖОБА ТАҚЫРЫБЫ: Интерактивті тест құрастырушы бағдарлама
Жобаның мақсаты
• Интерактивті тесттер жасауға арналған бағдарлама әзірлеу.
• Мұғалімдер мен оқушылардың жұмысын жеңілдету.
• Оқу процесін қызықты әрі тиімді ету.
Міндеттері
• Қарапайым және түсінікті интерфейс жасау.
• Тестке әртүрлі сұрақ түрлерін енгізу
• Деректерді сақтау және жүктеу мүмкіндігін қосу.
Бағдарламаның мүмкіндіктері
• Тіркелу және кіру жүйесі.
• Тест жасау (тақырып, сұрақтар, жауаптар).
• Тестті оқушыға бөлісу (сілтеме арқылы).
Interacty платформасы
https://account.interacty.me/my-projects
Quiz Wizardплатформасы
https://app.getquizwizard.com/create-content/source
Қорытынды
Бұл жоба арқылы оқу процесі интерактивті әрі қызықты бола түседі. Мұғалімдер үшін бағалау жүйесі жеңілдейді, ал оқушылар үшін – өзін-өзі тексеру мүмкіндігі артады. Бағдарламаны ары қарай дамытып, интернет арқылы қолдануға да болады.
5 лайков
Жоба қорғау кезі
Жоба тақырыбы:“Ақылды жылыжай”

Ақылды жылыжай - бұл деректерді жинайтын және есептеуіш және жабдық арқылы автоматты түрде басқарылатын заманауи отырғызу ортасы. Ауылшаруашылық IoT жылыжайының экологиялық мониторингіне негізделген жоғары технологиялық смарт жылыжайлар, әдетте, жылжымалы күннен қорғайтын жылжымалы жүйелермен, жылжымалы жарық терезелерімен және автоматтандырудың жоғары дәрежесі бар басқа жабдықтармен жабдықталуы керек. Ақылды жылыжайлар интеллектуалды ұшқышсыз автоматты басқаруды жүзеге асыра алады, жылыжай ортасын автоматты түрде басқара алады және экономикалық дақылдардың өсуін қамтамасыз ете алады.
4 лайка
Ақылды жылыжайдың 3D макеті бойынша түсіндірме
Жылыжайды ақылды автоматтандыру суару мен тыңайтқышты дәл бақылауға мүмкіндік береді. Жылыжай операторлары өсімдіктердің су мен қоректік заттардың тиісті мөлшерін алуын қамтамасыз ету үшін топырақтың ылғалдылығы мен қоректік заттардың деңгейін бақылау арқылы бұл процестерді реттейді. Нәтижесінде өсімдіктің өсуін жақсартады және артық немесе аз ұрықтандыру қаупін азайтады.
4 лайка
Бүгін “Ақылды жылыту жүйесі” тақырыбында жоба қорғадық
4 лайка
““Информатика” оқу пәні бойынша жобалық іс әрекет” тақырыбындағы информатика пәні мұғалімдерінің курсында “Сыныптағы дыбыс деңгейін бақылау” тақырыбында жоба қорғау сәтінен
3 лайка
‘‘Қалдықтарды сұрыптайтын смарт қоқыс жәшігі’’
Мақсаты:Қалдықтарды автоматты түрде танитын және сәйкес бөліктерге сұрыптайтын смарт қоқыс жәшігін жобалау
Міндеттері:
- Қалдық түрлерін ажыратуға арналған сенсорлар мен жасанды интеллект технологияларын қолдану;
- Электроника мен бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы сұрыптау жүйесін автоматтандыру;
- Экологиялық білім мен сананы арттыру.
6 лайков
“Ақылды жылыжай” жобасы
Жобаның нәтижесінде өсімдіктерді күтіп-баптауды автоматтандыратын жүйе жасалды. Суару мен жарықтандыру процестері Arduino платформасы арқылы бақыланып, сенсорлардың көмегімен нақты уақыт режимінде іске асырылады. Бұл жүйе өсімдіктердің күтімін жеңілдетіп қана қоймай, су мен энергияны үнемдеуге де мүмкіндік береді.
«Ақылды жылыжай» жобасы оқушыларға бағдарламалау, инженерия және автоматтандыру салаларындағы білімдерін тәжірибе жүзінде қолдануға жол ашты. Болашақта мұндай жобалар ауыл шаруашылығында кеңінен қолданылып, адам еңбегін жеңілдетуге үлкен үлес қосады.
3 лайка
“Интерактивті тест құрастырушы бағдарлама” тақырыбында жоба қорғадық.
Жобаның мақсаты:
• Интерактивті тесттер жасауға арналған бағдарлама әзірлеу.
• Мұғалімдер мен оқушылардың жұмысын жеңілдету.
• Оқу процесін қызықты әрі тиімді ету.
2 лайка