Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың тілдік дағдыларын қалыптастыру

Ауызша сөйлеу ептілігін дамытуға үйретудің қажеттілігі, әсіресе диалогты құрастыра білуге үйрету, түсіне отырып тыңдауға үйретудің барлық торабымен тығыз байланысты. Диалогтік оқыту оқушыларды қажетті қарым-қатынас жасай білуге қалыптастырып, әңгімелесушіні тыңдай білуге, тілдесуге кірісуге және оқушылардың кітаппен жұмыс істей білу сияқты т.б. тәрізді оқу дағдылары мен икемділіктерін қалыптастыруға белгілі бір үлесін қосады. Диалогтың жүзеге асырылуы мақсаттың қалыптасуы арқылы қарым-қатынастың пайда болуымен байланысты, ал ол өз кезегінде сөйлеушілердің қатысым жасауының қажеттілігін туындатады.
Диалогтың қалыптасуы, одан әрі дамуы сөйлеушілер мақсатына тікелей тәуелді. Тәжірибе барысында жаңа материалдарды оқытқанда және бекіту кезінде, жаттығуларды ұйымдастыруда, оқығанды және тыңдағанды тексеру үшін диалогтік әдісті қолдануға болады. Білім беру барысында диолог негізгі рөл атқаратыны белгілі. Қазірдің өзінде сыныптағы оқушылардың бірлескен сұхбаты үлкен пайда келтіретіндігі жөнінде жеткілікті дәлелдер бар. Олар:
- Оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік береді.
- Басқа адамдарда түрлі идеялардың болатындығын оқушылардың түсінуіне көмектеседі.
-Оқушылардың өз идеяларын дәлелдеуіне көмектеседі.
-Оқушыларға білім беру барысында мұғалімдерге оқушылардың қандай білім деңгейінде екендігін түсінуге көмектеседі.

1 лайк