Қазіргі заманғы білім беру жүйесінде оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, білімдерін тереңдету және практикалық дағдыларын қалыптастыру маңызды орын алады. Биология сабағында күрделі биологиялық үдерістерді түсіндіру және зерттеу үшін модельдеу әдісі ерекше рөл атқарады. Бұл әдіс оқушыларға абстрактілі ұғымдарды нақты көзбен көруге, олардың арасындағы байланыстарды түсінуге және өз бетінше зерттеу жүргізуге мүмкіндік береді.