Қазақ тілі сабағында дамыта оқыту технологиясы арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту

Дамыта оқыту технологиясы — оқушыны оқу ісіне қызықтыратындай, оған қабілетін арттыратындай жағдай туғызу.

Біріншіден, дамыта оқытуда білім даяр күйінде берілмейді, оған оқушы өз әрекеті арқылы жетеді. Мәселені өз беттерінше шешуге талпынады. Сөйтіп, өздерінің нені жеткіліксіз білетіндіктерін сезіну арқылы сабаққа деген қызығушылығы оянады, ішкі түрткілер пайда болады.

Екіншіден, дамыта оқытуда әр оқушы өз деңгейіне дейін дамуға қол жеткізе алады. “Жақсы оқушы”, “жаман оқушы” деген ұғымның болмауы оларды танымдық әрекеттерге ұмтылдырады, қызығушылығын арттырады.