Серікқан Тоқтаубайұлы Серикбаев,
«Аққайнар орта мектебі» КММ-нің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,
Катонқарағай ауданы Шығыс Қазақстан облысы
Эл.почта: serikkan.serikbayev@mail.ru
Баланы көркем әдебиетті оқуға деген қызығушылығы мен ынтасының төмендеуі менің алдыма мынадай сұрақтарды қоюға мәжбүр етті: «Балалардың көркем әдебиет оқуға неге ынтасы жоқ? Болашақта біз алдыңғы қатарлы елдермен тереземіз тең болуы үшін баланың кітап оқуы қажет пе? Кітап оқымай-ақ компьютерді білумен де биіктерге жетеміз дегендердің әрекеті дұрыс па? Көркем әдебиетті көп оқығаннан біз не ұтамыз? Ұлтымыздың өткен өміріндегі жетістіктері сол ғылыммен бірге көркем әдебиетті көп оқыған, ұлтымыздың барлық киелі қасиеттерін өз бойларына сіңірген тұлғалардың арқасында қалыптасты емес пе?» Осы сұрақтар төңірегінде сұхбат жүргізгенімде кейбір оқушыларым менің пікіріммен келіспеді. «Қазір компьютер тілін білсең болды, ғаламтор арқылы қажетті мәліметтерді табуға болады» деген ойларын айтты. Оқушыларымның пікірі мен өз пікірімді ой таразысына сала отырып, компьютерді білудің де баланың тұлғалық қалыптасуы үшін қажеттілігін былай тұжырымдадым.
1 лайк